Қантар айында «Қазпочта» АҚ Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына арнап пошталық марка шығарды. Жерін жаудан, елің даудан қорғаған Ер Жәнібек батыр, жонғарларға қарсы азаттық соғысында хан Абылайдың қасынын табылған. Бөгенбай, Қабанбай, Еспенбет, Ақпантай батырлармен бірнеше шайқасқа қатысып көзге түскен.18 ғасырдың екінші жартысында қырылған жонғардан босаған жеріне 15 мыңнан артык түтің Абақ Керей елің көшіріп апарады. Кәзір сол көштін ұрпақтары Қытайда миллионға жуық, Монғолияда 100 мыңдай, Түркиямен Еуропада 20 мыңнан астам ел болып отыр. 2014 жылы батыр бабамыздың 300 жылдығы Алматы, Астана, Шымкент, Өскемен, Балқаш қалаларында, Жарма ауданында, Түркияда, Еуропада (Берлин), Қытайда және Монғолияда аталып өтті. Мухамедхан Омаров
Автор: admin
ҚазАқпарат- Бүгін Алматыда күндізгі сағат 13:00 шамасында Орталық клиникалық ауруханада 81 жасына қараған шағында жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы Герольд Бельгер қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне жазушының отбасы мәлімдеді. Марқұммен қоштасу рәсімі қашан өтетіні әзірге белгісіз. Бельгер Герольд Ресейдің Саратов облысында 1934 жылы 28 қазанда дүниеге келген. 1941 жылы Сталиннің жарлығымен КССР-дағы барлық немістермен бірге Қазақстанға, қазақ ауылына (СҚО Ысқақ Ыбыраев ауылы) жер аударылды. Бұл жерде жас Герольд қазақ тілін үйренеді. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауылында қазақ орта мектебінде оқыды. Мектепті алтын медальға аяқтаған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын және аспирантурасын тәмамдады. Шығармаларын неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазған. 1958-1960 жылдары…
Бүгіннен бастап Түркістандағы «Тайқазанның» қазақ даласына «сапары» атты эстафета басталды. Эстафетаны тапсыру рәсімі кезінде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Тайқазанды салтанатты жағдайда Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинге табыс етті. Астана қаласынан сапарын бастайтын Тайқазынымыз Ақмола облысы өңірінен бастап, жыл бойы барлық облыс орталықтарын аралап шығатын болады.

