ҚХР Алтай аймағының Шіңгіл ауданында тұратын Берік есімді қандасымыз салмағы 7.85 келі кесек алтын тауып алған еді.
Досымен бірге алтын іздеуге шыққан Берік ен далада ойламаған жерден ат басындай кесек алтынның үстінен түседі.
Қандасымыздың айтуынша, алтынды жер бетінде жылтырап жатқан жерінен тауып алған. Оның диаметірі 23 см, ені 18 см, ең қалың жері 8 сантиметр болған. «Табиғаттың шебер қолы бедер салып, өрнектеген саф алтынның беті күн сәулесімен алауланып, көздің жауын алатындай жарқырайды», — дейді алтынды көрген көршілері.
Әлемде бұндай кесек алтындар жиі ұшыраса бермейді, елді елең еткізген атбасындай алтын 5 миллион юанға (шамамен 800 мың АҚШ доллардан астам) бағаланып, үкімет орындарына сатылыпты.


