Соңғы бес жыл ішінде қызмет ыңғайымен Чехияда тұрып жатқандықтан көрнекті қазақ жазушысы Мұхтар Мағауин ақсақалдың өмірі мен шығармашылығын жақыннан бақылайтын жағдайым болды. Әуелі Прагада ұлдары Едігенің қолында болған жазушы мен зайыбы Бақытжамал апа соңғы екі жарым жылдан бері Карловы Вары қаласына тұрақтаған. Орталықтағы шағындау, бірақ еңселі пәтердің ең үлкен бөлмесін жазушы кабинеті етіп жасақтап алған. Алматыдағы пәтері мен Прагадағы үйіндегідей үлкен кітапхана мұнда көрінбейді. Жұмыс бөлмесінің төргі қабырғасы тұтасқа жуық терезе, ал оң қабырғаның басындағы шыны есікті шағын кітап шкафында тек ортағасырлық түркі-моғол тарихына қатысты сол саланың маманы қызығарлықтай іргелі академиялық зерттеулер тізіліп тұр. Кітаптардың көпшілігі – шет тілдерінен аударылған еңбектер,…
Автор: admin
ҚазТАГ – Имектұмсық 2015 жылдың жыл құсы атанды, деп хабарлады Қазақстан биоәркелкілігін сақтау қауымдастығынан (ҚБСҚ). «Қазақстан биоәркелкілігін сақтау қауымдастығы Қазақстан құстарды қорғау одағымен бірлесіп жыл құсын таңдады. 2015 жылы ол мәртебе имектұмсыққа бұйырды», — делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда. Имектұмсық тек Орталық Азияда мекен етеді және Қазақстан қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанда ол Солтүстік және Орталық Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында мекен етеді. Қазақстанда осы құстың бірнеше ондаған жұбы ғана ұялайды. Бұл құс теңіз деңгейінен 2 мыңнан 3 мың метр биіктіктегі тау өзендерінің қиыршық тасты аңғарларындағы жайпақ жағалауларында, аралдарында, өзен салаларында ғана ұялайды. Құс ұялайтын ареал аумағында қыстайды, қатты қыста және қар…
Астана қаласындағы 19132 әскери бөлімінің базасында Әскери-әуе күштерінің жас офицерлері лейтенант Қанатбек Асқарбекұлы мен лейтенант Дмитрий Конев тұңғыш рет ұшқыш-штурман ретінде Ми-17В-5 әскери көліктік тікұшағының штурвалын ұстады. Лейтенанттар 2014 жылдың күзінде Ақтөбе қаласындағы ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтын «әскери авиацияның командалық тактикалық» мамандығы бойынша тамамдап, әскери авиацияның эскадрильясына ұшқыш лауазымына тағайындалған болатын. Екеуі барлық осы әскери оқу орнын бітірушілер арасында алғашқы болып алған білімдері мен іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік алды. Олар қысқа мерзім ішінде сынақтар мен жер үсті тәжірибесін тәмамдап әскери бөлім құрамында ұшуға кірісті. «Авиация базасының қолбасшылығы осы түлектерімізге үлкен үміт артамыз және осы ұшулары естерінде көптеген…

