Автор: admin

Қойшығара Салғараұлы, жазушы Барды базарлай алмай жүргендігіміз болмаса, қазақ халқы – бай тарихы бар байырғы халықтың мұрагері. Оның солай екенін айғақтар ауызша да, жазбаша да деректер жетіп артылады. Өйткені арғы замандардағы ата-бабаларымыз ұланбайтақ Ұлы Даланың дәл ортасынан ойып орын алып, оны құтты мекеніне айналдырғанынан кейінгі сан мыңжылдықтар ішінде болған ірілі-ұсақты тарихи оқиғалардың бәрі де осы ара арқылы өткен, бір де біреуі бұларға соқпай кетпеген. Солардың бәрінің: батыстан шығысқа, шығыстан бастысқа қарай жөңкілген қоныс аударулардың да; түрлі-түрлі басқыншылық жорықтардың да; өзара болып жататын ішкі бірігулер мен ыдыраулардың да шынайы куәгері – Ұлы Дала, осы даланың тұрғындары. Оның тарихының бай болатыны да…

Read More

    Жыр маржаны. Қазақ поэзиясының антологиясы Жыр маржаны. Қазақ поэзиясының антологиясы 10 томдық кітаптың тұсау кесері Қазақ Ұлттық кітапханасында болып өтті. Кітаптың демеушісі Атрау облысының әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы. Кітапты құрастырушылар қоғам қайраткері, жазушы, баспагер Мереке Құлкенов пен Мұқышева Гүлсім. Кітап-антологияны Алматы қаласындағы «Мереке баспалар үйі» ЖШС әр томын 3000 данамен жарықа шығарған. Қазақ поэзиясының антологиясы – «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларынан бастап көне ғасырлар ақын-жырауларынан тартып, ең соңғы бүгінгі жас буын ақындардың шығармалары қамтылған үлкен ауқымды еңбек болған. Бұрын-соңғыда бұндай тамырын тереңнен тартқан, арғы-бергіні шама-шарқынша толық қамтыған, қазақтың рухани байлығы тұтасымен тоғысқан көп томдық болмаған, сірә.…

Read More

  Ерте заманда найманның атақты атбегі Құлабай деген кісі, көрші отырған арғынның атақты байы Қасен деген кісінің үйіне ел орынға отырған кезде барып, атын сыртқа байлап үйге кіріпті. Ойда жоқ тұйықсыз жетіп келген Құлабайды Қасен құшақ жая қарсы алып, бір қойын сойып, ұзақ әңгімеге кірісіпті. Бір кезде сыртта қатты жел тұрып, қасқырдың ұлыған, иттің үріген даусы естіліпті. Іле-шала Құлабайдың аты ұзақ кісінеп қояберіпті. Атының даусына құлақ түрсе, аты оған: — Тақсыр, ием! Ит пен қасқыр айтысып жатыр. Қасқыр итке: «Ей, ит, бүгін қалың нөсер жауғалы келеді, жауын келгенше тойып алайық, маған бір тай бер» деп еді, байдың көк иті: «Албаты…

Read More