Әуелде қазаққа ұрпағы үшін уысы тас өлермен болуы керектігін айтып «Бір уыс бидайды» жазып еді, бірақ, біздің уысымыз тым бос-«бидайымыз» сауылдап төгіліп жүр. Содан барып «Мен» дей алмадық, «біз,біз» деп жалпақшешейлікпен күн өтіп барады. Ала құйыны тоқтамаған «аласапыран» заманда бетімізге түкіргеннің балтырын қанатар Лашын-мінез де бұйырмапты. Әр бұратанадан «сары қазақтың» адалдығын күтіп, жәутеңдеумен, «жармақтанып» жан бағып келеміз. «Қазақсыз Қазақстан» дегенде кеуденің бәрін Шаханның шері алып, құсаланғанымызбен, көмейден зор үн шығарар түріміз көрінбейді… Бастысы, осының бәрін айтып, жазып отырар Мұқаң бар! Аман болсын, ақсақал! Құдай қуат берсін! Serik Abiken нiң facebook парақшасынан…
Автор: admin
Нұрлан Жүнісұлы – 1973 жылы Ұлан-батыр қаласында туған. Бодибилдинг спортымен шұғылданады. Аталмыш спорт түрінен Моңғол елінің 8 дүркін жеңімпазы және Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанған қазақ баласы. Нұрлан бауырымыз өткен жылдың соңы, желтоқсан айының 5-10 аралығында Үнді елінің Мумбай қаласында жалауын көтерген әлем чемпионатында 40-49 жастағы ерлер арасында 85 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп алтын медал және барлық жас бойынша қола медалға ие болып, жеңістің биік тұғырынан көріне білді. Яғни, бодибилдинг спорт түрі бойынша әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Осы орайда, алыста тұратын азаматпен тілдесіп, мән-жайды біліскен едік. – Нұреке, жеңісіңіз құтты болсын, қай жылдардан бастап бодибилдингпен…
Азаттыққа сұхбат берген ғалым Нұрлан Атығаев Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту науқанының ғылымға не пайдасы болуы мүмкін екенін айтты. Жәнібек пен Керей ханға Астанада қойылған ескерткіш. 1 маусым 2010 жыл. Асылхан МАМАШҰЛЫ Жарияланған уақыты: 02.02.2015 Қазақстан биыл Қазақ хандығы құрылғанының 550 жылдығын тойламақ. Осы мақсатта 2014 жылы қарашада арнайы үкімет комиссиясы құрылып, шараның тұжырымдамасы жасалғаны хабарланған. Сол кезде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «негізгі қаржы ғылыми мақсаттарға жұмсалатынын» айтқан. Бірақ ел үкіметінің былтыр 31 желтоқсанда шығарған 550 жылдық мерейтойды дайындау және өткізу туралы қаулысында бұл шара кезінде олимпиада, конференция, экспедиция, форумдар өтетіні, «ғылыми-талдамалық қолдау» санатындағы ол істердің дені бюджеттен тыс…

