Автор: admin

  Ерте заманда найманның атақты атбегі Құлабай деген кісі, көрші отырған арғынның атақты байы Қасен деген кісінің үйіне ел орынға отырған кезде барып, атын сыртқа байлап үйге кіріпті. Ойда жоқ тұйықсыз жетіп келген Құлабайды Қасен құшақ жая қарсы алып, бір қойын сойып, ұзақ әңгімеге кірісіпті. Бір кезде сыртта қатты жел тұрып, қасқырдың ұлыған, иттің үріген даусы естіліпті. Іле-шала Құлабайдың аты ұзақ кісінеп қояберіпті. Атының даусына құлақ түрсе, аты оған: — Тақсыр, ием! Ит пен қасқыр айтысып жатыр. Қасқыр итке: «Ей, ит, бүгін қалың нөсер жауғалы келеді, жауын келгенше тойып алайық, маған бір тай бер» деп еді, байдың көк иті: «Албаты…

Read More

Көрнекі сурет. Ұлыбритания әлемде бірінші болып «үш ата-ана генінен» қолдан ұрықтандыру технологиясын заңдастырды. Парламентте бір жарым сағатқа жалғасқан пікірталаста «митохондриялық донорлық» туралы заң жобасын 382 депутат қолдап, 128 депутат қарсы дауыс берді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл технология адамға ген арқылы берілетін, әзірше емі жоқ бірқатар ауру түрлерінен сақтандырады. Жаңа әдіс бойынша эмбриондардың генетикалық өзгерісіне ұшырап туған балада үш адамның — әкесі, анасы және донор әйелдің гені болады. Заң жобасы митохондрияда ақауы бар ерлі-зайыптыларға көмектесу үшін қабылданған. Митохондриялық ақау — әйел арқылы берілетін емделмейтін ауру. Бұл дерт 6500 сәбидің біреуінде кездеседі және ол ми қызметінің бұзылуына, жүректің тоқтап қалуына және соқырлыққа әкеп соқтырады. «Үш ата-ана гені» технологиясы…

Read More

Оралмандардың көші-қон тақырыбына арналған «Алаң» бағдарламасын көрдім. Менің бір аңдағаным бағдарлама бойы жүргізуші шетелден келген қандастарға бір «қыжылы» бар адамдай сөз саптады. Жүргізуші деген эмоциясын, жеке пікірін тықпаламай жасыра тұрып, тек бейтарап позиция ұстануы керек деп ойлаймын. Себебі ол оның қызметі. Есесіне келген адамдарды шеберлікпен сөйлете білсін… Ал, бағдарламаның түйін сөзі де жырғаған жоқ. Жүргізушінің ойынша шетелдегі қазақтың бәрі «нәубет жылдары қыр асқандар» екен. Шеттегі қазақтың көбі өзінің ТАРИХИ АТАҚОНЫСТАРЫНДА, қазақтың жерінде отыр. Кеткісі келмейтін себептің бірі де сол. Туған жер, өскен елді тастап кетудің қиындығын басына түскен адам ғана сезінеді. Оны тек «жайлы жағдайды қимайды» деген «торғай көзбен» өлшеуге…

Read More