Пекин Қытайдың бойдақ жігіттеріне қалыңдықты шетелден, оның ішінде Украинадан іздеуді ұсынып, әйел тапшылығы проблемасын шешуге тырысып отыр. Қаңтардың 30-ында Австралияның News.com сайты «Ол сені ұнатпайды: әйел заты тапшы Қытай бойдақтарының дағдарысы» аттымақаласында 2014 жылдың аяғындағы есеп бойынша, Қытайда ер адамдарға қарағанда әйелдер 34 миллионға аз болғанын хабарлады. Сайттың жазуынша, Қытайда әр 100 әйелге 120 ер адамнан келеді әрі әйел тапшылығы проблемасы жыл өткен сайын ушығып барады. Сайт дерегінше, жеті жылдан кейін Қытайда жұп таба алмаған ер адамдар саны 12-15 пайызға жетіп, бала-шағасы жоқ, қамқорлыққа зәру қарт адамдар саны көбейеді. Қытайдағы әйел тапшылығының негізгі себебі – 1978 жылы енгізілген «бір отбасы –…
Автор: admin
Сұраған РАХМЕТҰЛЫ, тарих ғылымдарының кандидаты 1770 ж.ж. соңында Абақ Керей ақылмандары алқалы кеңес құрып, хан нәсілінен бір мұрагер әкеліп, өздеріне төре етіп белгілеуге кіріседі. Бұның себебі, ұланғайыр байырғы мекенге егелік ету үшін елді елдестіру мақсаты тұрды. Шығыс Түркістан өңірін қайта мекендей бастаған іргелі жұртқа айбыны мен ақылы астасқан билік жүйесі қажет еді. Ақылмандар ақыры бір мәмілеге келді. Сол ұсынысты әйгілі Есімханның немересі Жәнібектен туатын Әбілпейіз сұлтанның назарына жеткізіп, оның екінші әйелі Тұмар ханымнан туған Көгедай, Сәмен, Жабағы есімді үш ұл тақ мұрагерлікке лайық деп әкелінеді. Мұны шыңжандық тарихшы Асқар Татанай: «…Көгедай 1773 ж. дүниеге келген, он екі жасында 1785 ж.…
Габриэль Гарсиа Маркес Былтыр әлемге аты мәшһұр жазушы, Нобель сыйлығыныңиегері Габриэль Гарсиа Маркес 87 жасында дүниеден озды.Ұзын-ырғасы 10 роман, 50 әңгіме, 10 повесі бар жазушыныңәр шығармасы әлем әдебиетінің жауһары саналады.«Мыңжылдықтың ең үздік төрт қаламгері» деген сауалнамадаШекспир, Данте, Сервантестермен қатар аталуы жайдан жайемес. ХХ ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік Американың бұйығы тірлігін әдебиетімен әлемге паш еткен үркердей топтың белортасында Маркес те жүрді. Ж. Амаду, М. Астуриас, А. Карпентьер, Х. Борхес, Х. Кортасар, М. Льоса секілді бірегей есімдер іркес-тіркес әдебиет майданына ойқастай еніп, «ұйқыдағы» бульканның оянуын сездірді. Олар саяси-экономикалық қақтығыстар тасқынын; диктаторлық билеп-төстеудің дәстүрге айналған шежіресін; ұмытылуға айналған тарихи сана мен эпикалық жадтың тереңдегі шұғыласын (өз үйектеріндегі); діни сенімнің бұтарлануы мен идеологиялық қарудың бетқаратпас қылышы – жалаң демократиялық ұрандардың аумалы-төкпелі тізбегін әр қырынан кестеледі. Олар әлем әдебиетін хаос пен түстен құтқарды немесе хаос пен түстің арасындағы өмірді мейлінше…

