Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Сұхбаттар»«Ата-бабам жүрген жол туралы кино түсірмекпін»
Сұхбаттар

«Ата-бабам жүрген жол туралы кино түсірмекпін»

03/02/20150

Түркияда тұратын этникалық қазақ Баһадүр Хакім – он шақты фильмге түскен актер. Көбінесе Шығыс Азия халықтарының өкілі болып ойнайтын жігіт «қазақтың атын әлемге кино арқылы танытсам» дейді.

Түркияда тұратын қазақ актері Баһадүр Хакім «Ekmek teknesi» фильмінде.
Түркияда тұратын қазақ актері Баһадүр Хакім «Ekmek teknesi» фильмінде.
Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

1978 жылы Түркияның Измир қаласында туған Баһадүр Хакім (Bahadır Hakim) 2002 жылдан бері ол елде 10 фильмге түскен. Баһадүр түскен кинолардың арасында комедиялық туындылар да, көпсериялы фильмдер де бар. Кейіпкерлерінің есімдері Уанг Ли, Аян Ли Тинг немесе Чан Ли болғанын айтқан актер «маған қымбат образ – «Стамбулда ғашық болдым» фильміндегі қазақ жігіті» дейді Азаттыққа берген сұхбатында.

Азаттық: – Актерлік мамандықты қалай меңгердіңіз? Алғашқы рөліңіз қандай еді?

Баһадүр Хакім: – Мен актерлік мамандығы бойынша мүлдем оқымаған адаммын. Измир қаласында жалпылама білім беретін коллежде оқыдым. Колледж бітірген соң тері өңдеу жұмысымен айналыстым.

2002 жылы алғаш Түркиядағы белгілі режиссер, әйгілі «Көкжалдар мекені» фильмінің продюсер-режиссері Осман Сынав «Ekmek teknesi» фильміне түсуге шақырды. Фильм түрік ұлтының өзге ұлтқа қыз бермеу дәстүрі негізінде түсірілген комедия болды. Осы фильмде Америкадан колледж бітіріп келген қы­тай жігітінің рөлін сомдадым. Үш жыл түсірілген сериалдың алғашқы 20 бөлімінде ойнадым.

Одан кейін «Alacakaranlık» («Ымырт», 2003), G.O.R.A (2003), кейін İki Kafadar Chinese Connection («Екі дос», 2013) сияқты фильмдерге түстім.

Баһадүр Хакім (оң жақта) түскен фильмнен көрініс.
Баһадүр Хакім (оң жақта) түскен фильмнен көрініс.

Жалпы, маған осыған дейін қытай, кәріс не жапон азаматтарының рөлі беріліп келді. Тек Түркияның TRT Avaz арнасы түсірген «Istanbul’da Aşık Oldum» («Стамбулда ғашық болдым», 2009) фильмінде ғана Қазақстаннан Түркияға жұмыс істеуге келген Қайрат деген жігіттің бейнесін жеткіздім. Мен үшін осы образдың орны өте бөлек, өйткені тұңғыш рет қазақ ретінде өз ұлтымның рөлін ойнадым.

Азаттық: – Қазақстанға танымал түрік сериалдарынан сіз ойнаған кейіпкерлерді көре алмадық.

Баһадүр Хакім: – Әзірге Қазақстанда көрсе­тіліп жүрген түрік сериалдарына түскен жоқ­пын. Өйткені түріктер көбіне рөлді бет-әлпетіңе қарап береді. Мәселен, таңдау түрік пен қазақ актерінің біріне түссе, міндетті түрде түрік актері алы­нады. Менің түрім моңғолоид болғандықтан көбінесе жапонның, кә­ріс­тің не қытайдың рөлдерін ұсынатыны содан.

Азаттық: – Ал қазір қандай фильмге түсіп жүрсіз?

Баһадүр Хакім: – Қазір Түркияның Kanal D арнасының тапсырысымен «Ulan Istanbul» атты фильмге түсіп жатырмын. Осы күнге дейін 34 бөлімі түсірілді. Онда да Қытай азаматының рөлін ойнап жүрмін. Кинода қазақ екенімді өзгелер біле жүрсін деп, кейіпкеріме қытайша «Ни хао» деудің орнына қазақша «Қалайсың?» деп айтқыза саламын.

Оған қоса Қазақстандағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірігіп «Атажұрт жолы» жобасын қолға алып отырмын. Онда Тарбағатайдан шыққан қазақ баласының Алтай, Тибет, Гималайдан асып, Үндістанды басып өтіп, Түркияға келіп тоқтағаны баяндалады. Ата-бабамның жүріп өткен жолы жайлы бұл жоба – бастан-аяқ өз идеям. Басты мақсатым – сырттағы қазақтарды, жалпы қазақ деген елді кино арқылы таныту. Өйткені Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алғанымен әлі ешкім біле қоймайды.

Азаттық: – Қазақстанда түсірілетін киноларда ойнау жоспарыңыз жоқ па?

Баһадүр Хаким: – Жаңа жылдың алдында Алматыға барып қайттым. Қазақ хандығының құрылуына байланысты кино түсірілгелі жатыр екен. Осыған байланысты «Қазақфильм» киностудиясының басшылығына жолығып, суреттерімді беріп кеттім. Бірақ олар бұл киноны түсіретін режиссерлар әлі белгілі емес екенін, сценариінің де дайын емес екенін айтты. Егер шақырса, барып түсер едім.

Азаттық: – Сұхбат бергеніңізге рақмет.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕң қымбат қазақ футболшылары
Next Article Шеттегі қазақтың көбі өзінің ТАРИХИ АТАҚОНЫСТАРЫНДА, қазақтың жерінде отыр.

Оқи отырыңыз...

ДЖОН ВАН ’Т ШКИП: «ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ЕСІГІ БАРШАҒА АШЫҚ»

12/08/20261

Берік Әбдіғалиұлы, саясаттанушы: Дәл қазір қазаққа нұрлы ақыл мен ыстық қайрат қажет

24/04/20151

«ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСҚЫРЛЫҒЫ ТІСІНДЕ ЕМЕС, ІСІНДЕ!..» (немесе Отпан таудың басында Көк Бөрі неге тұр?) Сабыр Адаймен сұхбат (үзінді)

22/04/20151
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.