Автор: admin

Тілеуберді Әбенайұлы Тыныбайын ҚазҰҒА-ның құрметті мүшесі Ғасырларға созылған бодандықтың қара түнегі түріліп, азаттықтың ақ таңы қылаң еткенде бойында жаны бетінде қаны бар Қазақтан жүрегі жарыла қуанбағаны жоқ. Елдегіні қойғанда, шеттегі Қазақтардың жүзін: «Тәуелсіздік!» деген жалғыз ауыз сөз ғарыштан келген ғажайып сәуледей қас қағымда нұрландырып жіберді. Қарттар, аузында «А, Құдай!» деген тілегін дәмілсіз қайталап жайнамазына қарай қалбалақтаса, жастар жат халықтың көзі тая бере құтты болсын айтысып үлгірді. Қыл аяғы, ішкіштер де телмеңдеп жүріп тапқан жарты шөлмегін «Азаттық үшін!», «Патшамыз үшін!» деп көтерді. Ұйғыр бауырлар: «Сіздер не деген бақыттысыздар. Бізге ондай атты күнді көруді Алла жазар ма екен?! » деп кемсеңдеді.…

Read More

Түркияда жаттығуда жүрген Қытайдың олимпиада құрамасы Арменияның 21 жасқа дейінгі жастары өнер көрсететін ұлттық құрамасымен кездесіп, оларды 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл туралы «халық торабы» хабарлады. Ала допта алынбаған есесі бар қытайлардың бұл жеңісі әрине елең еткізер жаңалық. Оның үстіне Арменияны жеңіп отыр. Алайда, біздің айтпағымыз бұл емес. Естеріңізде болса Қытайдың олимпиадалық футбол құрамасына қабылданған қазақ қандасымыз туралы айтылған еді. Ол – Ержет Ерзатұлы. Міне, Армениямен болған ойында Қытайларды жеңіске жетелеп, әсерлі ойын көрсеткен де сол Ерзат. Құраманың негізгі қақпашысы болып ойнаған ол матчта бастан-аяқ шеберлік танытып, бетпе-бет келген талай допты қайтарған. Қақпа алдына әкелген талай допты Ержеттің қолына табыстап…

Read More

Ғалым Халифа Алтай Ғақыпұлы атамыздың өмірбаяндық еңбегі жарық көрді. Мұнда Алтайдан ауған елдің көрген қиыншылығы, азапты ғұмыры, дін үшін, әділдік үшін, бас бостандықтары үшін күрескен аталарымыздың ерлігі айқын бейнеленген. XXғ. Қазақ халқы үшін «Ұлы қоныс аудару» болғаны рас. Қажымұрат Төлегенұлы

Read More