Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қысқа күнде қырық құбылған жаһанның беті жаман. Халықаралық қатынастар шиеленіске түсіп келеді. Ядролық державалар бір-біріне қоқан-лоққы жасауға айналды. Мұндай оқиғалар соңғы жиырма жылдан аса жүргізілген жойқын қаруды таратпау жөніндегі келіссөздерді қағаз жүзінде ғана қалдырды», – деген болатын. Президент осындай алмағайып кезеңде еліміз үшін бірлік пен ынтымақтың, татулықтың маңызын жете түсіндіруге тырысты. Өйткені бұл құндылықтарды сыртқы саясаттың ұстанымы еткен мемлекеттер азайып барады. Есесіне, көз алартқандар мен жұдырық көрсеткендер көбейді. Бұған әлем елдерінің әскери бюджетті еселеп, жаппай қарулануға ден қоюы дәлел. Әлемдік геосаяси жағдайға талдау жасап, кімнің мысы, кімнің күші басым екенін салыстырып…
Автор: admin
Мына суреттегі келіншек осыдан 4 жыл бұрын Ауғанстаннан Шымкентке қоныс аударыпты. Статусы — оралман. 4 баласы бар. Күйеуі 2008 жылы қайтыс болған. Қазір ол біреудің тозығы жеткен баспанасының бір бөлмесін ғана паналап отыр. Сол бөлменің жағдайын көрсеңіз жағаңызды ұстайсыз. Терезелері кленкамен қапталған. Есігінің орнына корпе жауып қойған. Едені бетон, дуалдары опырылып жатыр. Терезеден жел уілдеп тұр. Тамақ жасайтын орын тіптен нашар. Сенесіздер ме, балаларына тамақ істеп берейін десе азық-түлігі жоқ. Өзінің денсаулығы да нашар. Кәмелетке толмаған үш баласына тоқсанына бір болмашы тиын-тебен төленеді екен. Мыналардың тұрмысын көріп жүрегім қан жылады. Оралман келіншек тұрғын үй алуға кезекке де тұрған. Бірақ, ол…
Уақыт алға басқан сайын заманның әр кезеңі таңбасын тот басқан, тарихтың сарғайған парағына айнала береді. Бірақ, ерте ме, кеш пе, ол сарғайған парақтарды қолға майшам алып, шаңын сүрткізер бір себеп, сондай зор мүмкіндік туындайды. Міне, биыл біз үшін де бүгінгі егемендігіміздің кешегі күрделі тарихын, қиын-қыстау кезеңдерін қайта жаңғыртар, тіпті, 2 мыңжылдық тарихымыздың ең қымбат кезеңі – Қазақ хандығының үлкен датасын дүбірлетіп тойлар мүмкіндік туып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жуырдағы жолдауында «2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керекпіз. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз», — деп зор демеу көрсетті. Сондықтан, бұл…

