Американың телевизия саласындағы үздік сыйлығы (Оскармен салыстыруға болады) – Эммиді Хасан Шерифли 2003 жылы жеңіп алған екен. Ең үздік деп танылған жиырмадан астам аталымда телевизия саласы бойынша берілетін бұл сайыста қандасымызға «Зерттеу және деректі фильмдер» аталымында «Discovery Chanel» телеарнасына түсірілген «Темір тордың арғы жағындағы балалар» атты деректі фильмі үшін бас жүлде табыс етілген. «Бұл фильмді түсіру туралы ұсынысты БиБиСи-де жұмыс істейтін танысым айтқан болатын, – дейді Хасан. – Бірнеше адам жиналып түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан балалар туралы деректі фильм түсірмекші екен (Хасан Шерифлимен бірге жұмыс істегендер: Леван Адами, Суприя Аваси, Кэйт Блоует, Кларинда Кэппейдж, Джон Майер, Джед Родштейн, Дебора…
Автор: admin
Украина президенті Петр Порошенко кеше күштік құрылымдар басшыларымен кездесу өткізіп: «Егер жау бітім шартын орындағысы келмесе, бейбіт адамдардың, украин қалалары мен елді мекендерінің зардап шегуін тоқтатқысы келмесе, есеңгірете соққы береміз» деп мәлімдеді. Ресми есеп бойынша, Шығыс Украинада қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуір айынан бері 4800-ден астам адам мерт болды. azattyq.org
Шежіре: Шолан батыр туралы не білеміз? (Тана руы хақында) Бірден айта кетейік, тарих шығыршығын тұлғалар айнал-дырады десек, төл тарихымызға қатысы бар қаншама тұлғалар тағдыры тарихи талдауға алынбай, зерттеу назарынан тыс қалып, көмескі күйінде қалып отыр. Оған сол баяғы тарихымыздың жұлын тұтасын құрайтын жазба деректердің жеткіліксіздігі, бар жәдігерлердің өзі тиянақты жүйеленбей, ғылыми айналымға толық тартылмауы себепші болса керек. Осыдан келіп, елі үшін атойлап атқа қонған атпал арыстарымыздың артына қалдырған мол рухани мұрасы мен ғұмырнамасын әлі күнге түгендей алмаудамыз. Осындай тұлғалар қатарында атақты Жиембет толғауындағы Қалқаман мен Шоланды айтуға болады. Ата шежіремізге назар аударсақ, Жиембет жырау мен оның толғауындағы Қалқаман – Кіші…

