Автор: admin

Алматы қаласы тарихы музейінің экспедициясы «Көк-қайнар» қорған қорымын қазғанда бірегей тарихи артефакттерді тапты. Жуық арада Алматы қаласы тарихы музейінің қызметкерлері біздің веб-порталымыздың редакциясына сирек кездесетін археологиялық олжалар жайында ақпаратты жеткізді. Экспедиция Алматықаласы Мәдениет басқармасының тапсырысына сәйкес жұмыс істеген. Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласы тарихы музейінің қызметкерлерінен құралған зерттеу тобы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Көкқайнар ықшам ауданында орналасқан, Көк-қайнар қорымында жүргізілген қазба жұмыстары барысында бірегей тарихи артефакттерді тапқанымен, сирек кездесетін құнды олжалар туралы мәлімет енді ғана белгілі болып отыр. Хабарламада көрсетілгендей, табылған олжалардың арасында алтыннан жасалған мысық тұқымдас жыртқыш аңның мүсіні де бар. Сирек кездесетін бұл олжа, № 2 Көк-қайнар…

Read More

ҚазАқпарат — Microsoft-тың Windows 10 операциялық жүйесі (ОЖ) Windows 7, Windows 8 және Windows 8.1. сынды алдыңғы нұсқаларды қолданып келген адамдарға бір жыл көлемінде тегін болады, деп жазады rosbalt.ru. Жаңа ОЖ АҚШ-тың Редмонд қаласында орналасқан Microsoft компаниясының штаб-пәтерінде таныстырылды. Айта кетейік, біз бұған дейін Microsoft-тың ғаламторда жаңа іздеуші жүйе — Spartan браузерінің таныстырылымы болғанын хабарлағанбыз. Бұл бағдарлама Windows 10-ның құрамында болады. Компания өкілі Майерсонның хабарлауынша, олар нарықта беделі түсіп бара жатқан Internet Explorer-ді жаңғыртқаннан гөрі жаңа браузер ойлап тапқан дұрыс деген шешімге келген. Сол себепті Chrome және Firefox-ке ұқсас, жылдам әрі жеңіл жұмыс жасайтын Spartan-ды қолданысқа шығарған. Windows 10-ның жетілдірілген…

Read More

Совет одағында туып, 21жылдан бері АҚШ-тың Бостон қаласында тұрып жатқан биофизик Максим Франк-Каменецкий жақында Ресейге келіп, төрт ай тұрып кетті. Елдегі ахуалдан шошыған ол ресейліктерге ашық хат жазды. Әйгілі биофизик Максим Франк-Каменецкий осыдан 21  жыл бұрын Ресейден АҚШ-қа көшіп кеткен. Бостон университеті биомедициналық инженерия профессоры Максим Франк-Каменецкий — ДНК топологиясы саласында аты шыққан ғалымдардың бірі. Өткен күзде ол сабақ беру мақсатымен төрт айға Мәскеуге келді. Бұл сапары оны қатты тебіренткені сондай — ол бар ащы шындықты жайып салып, ресейліктерге ашық хат жазды. Оның айтуынша, «Ресейде жалған патриотизм мен Путиннің жеке басына табыну қалыптасып, антиамерикалық көзқарас орныққан, ал интеллигенция бұрынғы бар бостандығынан…

Read More