Қазақстан велоспорты федерациясының президенті Қайрат Келімбетов өз еркімен қызметінен кететін болды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz. «Әлемде болып жатқан күрделі экономикалық дағдарыс кезеңінде Ұлттық банкке тапсырылған міндеттерді өз деңгейінде орындау үшін барымды салуым тиіс. Сол себепті Федерация басшылығынан өз еркіммен кетуді ұйғардым», — дейді Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов. Велоспорт федерациясының жаңа президенті жақын арада есеп беруге арнап өткізілетін конференцияда жария етіледі. Айта кету керек, Қайрат Келімбетов Федерацияны басқарып тұрған уақытта қол жеткен негізгі жетістік – Александр Винокуровтың Лондон олимпиадасында алтын медальді иеленуі болды. Сонымен қатар, «Астана» велокомандасы соңғы жылдары халықаралық аренада сәтті өнер…
Автор: admin
АҚШ президенті Барак Обама америкалықтарға арналған жыл сайынғы жолдауында «бірнеше жылғы экономикалық рецессия мен Ауғанстан және Ирактағы соғыстан кейін АҚШ-тағы дағдарыстың елесі өтті және қазір елдегі жағдай тұрақты» деп мәлімдеді. АҚШ-та экономикалық өсім артқанын және елдегі кедейшілік деңгейі 5,6 пайызға дейін түскенін айтқан Обама «қазір тарихтың соғыс пен рецессиядан кейінгі жаңа бетін ашатын уақыт туды» деді. Қараша айында республикашылар бақылауына өткен сенат пен өкілдер палатасының алдында сөйлеген Обама конгресті елде заманауи порттар, берік көпірлер салу, жүрдек пойыздар шығару және ұшқыр интернет байланысын дамыту жобаларын қолдауға шақырды. Республикашыл саясаткерлердің көпшілігі бұған дейін Обаманың кейбір ішкі саясаттағы ұстанымдарына қарсылық білдірген. Жолдауда Обама конгресс…
ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялаған 2015 жылы мемлекеттік этносаясатты одан әрі жетілдіру және Қазақстан халқының бірлігін нығайту жөніндегі негізгі міндеттерді айқындап берді. Бұл біздің айқын бағдарымыз болмақ. Осындай ойымен Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Динар Нөкетаева бөлісті. «Тарихқа көз жүгіртер болсақ, тағдыр тауқыметімен қаншама ұлыс өкілдері қасиетті Қазақ жерін пана тұтқаны белгілі. Сындарлы кезеңдерді бастан өткерген қазақ халқы өз атамекенінде көпұлтты мемлекетке айналды. Қашанда татулық пен ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста болып, біртұтастықта өмір сүру маңызды. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы халықты ұлтына бөліп-жармай, біртұтас Қазақстан қоғамын қалыптастыруды…

