Осы топты ашқалы бері сақтарға қатысты біржақты пікірлерді ғана естідім. Біраз бауырымыз оларды «парсы тектестерге» жатқызып жүр. Онда да көбіне ескі суреттердегі бет-пішіні мен қалың сақалына қарап, осындай келте шешімге келгені байқалады. Қазір де түр-тұрпаты әртүрлі қазақтарды кездестіруге болады ғой. Бір ғана мысал, Қапқаздағы ноғайдың ішіндегі наймандардың бет-пішіні де осындай болып келеді. Тіпті, өткенде қылышын көлденең ұстап отырған Алайлық қазақтың суретін берген едім. Оларды қалың сақалына қарап, қазақ емес деуге болмас. Біраз күн бұрын Құбылайдың суретін де жарияладым. Еуропалықтар салғандықтан, оның түрін өздеріне ұқсатып жіберген. Бірақ, киімі мен қалпағы өзіміздің арғы бабаларымыз екенін әйгілеп тұр. Сақтардың да суретін тас бетіне басқа…
Автор: admin
АҚШ-ның Fox News деп аталатын телеарнасы бір күннің ішінде мұсылмандардан тілшілерінің әдепсіз сөздері үшін төрт мәрте кешірім сұрауға мәжбүр болды. Телеарна тілшілерінің бірі өзі жасаған бағдарлама аясында Еуропа мемлекеттерінің біріндегі бір аудан жайлы айта келіп, ондағы адамдардың өз заңдарымен жүріп-тұратындығын, ал өзге діндегілердің бұл жерге қорыққандықтан аттап баспайтынын айтып, ағаттық жасағаны үшін телеарна басшылары кешірім сұрауға мәжбүр болған. Дәл осы күні Fox News арнасының қонағы СТИВ Эмерсон тікелей эфирден «Британдық Бирмингемнің мұсылмандардың қаласы» екенін айтады. Сәлден соң телеарна осы айтылған ағат пікір үшін тағы да кешірім сұрайды. Бұл жайында Салам Ньюс баспасөз орталығы хабар таратты. «Біздің қонағымыз қателік бой алдырды.…
— Нуреке, қаһарлы қыста жалаңбұт жүгіріп жүрген кім? — Нұрлан Еспанов қой, салық төлемеу үшін түгі жоқтығын дәлелдемек. — Анау кісі ше? — Велосипедке мініп, пианино ойнап отырған адам ба? — Ия. Өзі қызық кісі екен. — Алматының әкімі. «Домсыз» екенін дәлелдеу үшін істемейтіні жоқ. — Ламбада билеп, шырша айналып жүрген шолақ дамбалдар ше? — Уахабшылар ғой. Арасынан біреуін депутаттыққа өткізу үшін толеранттығын танытпақшы. Өздері екіжүзді бір пәле… — Қақаған аязда қолына қағаз ұстап, аспанға қарап, қиялдап жүрген мына кімдер? — Біздің атқамінерлер мен ығай-сығайлар. Мерейтойыма кітап жазып жатқанын білдірген сиықтары. — Үйде отырып жаза бермей ме? — Кілең жағымпаз.Көзіме…

