ҚР ҚК ӘҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов Аягөз гарнизонында орналасқан 97616 әскери бөлімін тексерді. Әскери бөлімдегі жұмыс барысында ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚ әскерлерінің қолбасшысы жеке құрамның жаңа оқу жылына дайындығын, жауынгерлік әзірлікті, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін тексерді. Әскери бөлім қызметінің барлық саласы бақылаумен қамтылды. Жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. «Жоспарлы тексерудің басты мақсаты – бөлімшелердің тәуліктің кез-келген уақытында жауынгерлік міндеттерді орындауға әзірлігі мен жеке құрамның дайындық деңгейі мен жасақталуын тексеру», — деп хабарлады ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚ әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұржан Мұқанов. Сонымен қатар, ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚ әскерлерінің қолбасшысы әскери қызметшілермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.


