Қазақ хандығының 550 жылдығын республика деңгейінде атап өту туралы Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған шешім халық арасында зор серпіліс тудырып, үлкен ықылас пен қолдауға ие болуда. Мысалы, Астана қаласының тұрғыны Аятбек Тоқымбеков Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту айбынды хандарымыз мен батыр-билеріміздің алдындағы қасиетті парызымызды өтеу болып саналатынын жаза келіп, сол үшін Президентке рахмет айтады. Автор өз хатында Қазыбек бидің «Ханның қайраны шексіз, ердің қайраты шексіз» деген даналық сөзіне сүйене отырып, Қазақстан Президентінің де қайраны шексіз екендігіне көзі жеткенін айтады. Соның айғағы ретінде оның үш бірдей ілкімді ісіне назар аударады. «Елбасымыздың нұрлы жолы нарық заманында қазақ халқының ақ жолы, адастырмайтын тура…
Автор: admin
Қоғамымыздағы ұлтаралық татулық пен тұрақтылыққа шетелдерден қызығушылар көп. Ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып, тату-тәтті тұрмыс кешудің жолын тапқан қазақстандық модельді таныту үшін таяуда бір топ азаматтарымыз Швеция мемлекетіне арнайы сапарлап қайтты. Қазақстан халқы ассамблеясының атынан барған өкілдер Уппсала қаласында Этносаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысып, швециялықтардың өтінішімен «Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің моделін» жан-жақты таныстырыпты. 7-9 қаңтар аралығында Уппсала қаласының Уппсала университетінде болған халықаралық конференцияны оқу орнының басшылығы, Азшылық мәселелері жөніндегі Еуропа орталығы және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастырыпты. Конференцияға Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Бельгия, Ресей, Австрия және басқа да елдердің 15-тен аса ірі университеттері мен ғылыми…
«Жармақ» немесе жаңа романдар Мұхтар Мағауинның «Жармақ» романы жарияланғалы да біраз уақыт өтті. Әркім әртүрлі пікірін айтты. Классиктің дәстүрлі жазу үлгісіне үйреніп қалған жұрттың тосырқайтын да жөні бар шығар. Бірақ бұған дейінгі пікірлердің ішінде «Жармақ» өмірге келген кеңістік пен уақыт ішінде «өзге жұртта роман жанры қалай жазылып жүр» деген салыстыра талдаулар мүлдем кездеспеді. Ең көп айтылған уәждің дені — «Жармақтың» көркемдік өресі төмен, қарабайыр жазылған, публицикадан аса алмаған» деген сыңайда болды. Кеш те болса бізде өз пікірімізді білдіруді жөн көрдік. Әрине, романды бастан-аяқ талдап, керемет бір мақала жазбасақ та, азды-көпті оқыған қазіргі заман романдарының жазылу формасымен «Жармақты» салыстырып көру ниетіміз.…

