— Нуреке, қаһарлы қыста жалаңбұт жүгіріп жүрген кім?
— Нұрлан Еспанов қой, салық төлемеу үшін түгі жоқтығын дәлелдемек.
— Анау кісі ше?
— Велосипедке мініп, пианино ойнап отырған адам ба?
— Ия. Өзі қызық кісі екен.
— Алматының әкімі. «Домсыз» екенін дәлелдеу үшін істемейтіні жоқ.
— Ламбада билеп, шырша айналып жүрген шолақ дамбалдар ше?
— Уахабшылар ғой. Арасынан біреуін депутаттыққа өткізу үшін толеранттығын танытпақшы. Өздері екіжүзді бір пәле…
— Қақаған аязда қолына қағаз ұстап, аспанға қарап, қиялдап жүрген мына кімдер?
— Біздің атқамінерлер мен ығай-сығайлар. Мерейтойыма кітап жазып жатқанын білдірген сиықтары.
— Үйде отырып жаза бермей ме?
— Кілең жағымпаз.Көзіме түскісі келеді. Әрекеттерінен жүрегім айниды.
— Байқаймын, сізге өте қиын екен.
— Осындай қыртымбақайлармен жұмыс істеп, мемлекет құрып отырмыз.
— Түсінемін, Нұреке… Маған да қиын…
— Қайтеміз, Владимир, шыдаймыз ғой…
— Шыдайық, шыдайық, Нұреке…
Ескерту: Бұл ауыл шопырының сандырағы ғана. Ал,фотодағы кісілер елдің жағдайы туралы жақсы әңгімелер айтып тұруы мүмкін.
Серік Абас-шах тың facebook парақшасынан алынды.


