Автор: admin

Қазақ  хандығының 550 жылдығына байланысты қоғамдық талқылаулардың жиі өтіп жүргендігі белгілі. Атаулы мерекенің тойлануына орай жақында «Ақиқат» журналының ұжымы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, тарих және археология факультеті бірлесіп келелі кеңес өткізген еді. Шараға факуль­теттің ғылыми құрамы қатысты. Атап айтқанда, факультет деканы т.ғ.к., доцент Арман Жұмаділ, ҚР ҰҒА құрметті академигі, профессор Талас Омарбеков, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, т.ғ.д., профессор Берекет Кәрібаев, т.ғ.д., профессор Гүлмира Сұлтанғалиева, т.ғ.д., профессор Гүлнар Хабижанова, т.ғ.к., профессор Эльмира Телеуова, т.ғ.д., профессор Болат Сайлан және Стамбул университетінің профессоры, Жалпы түрік тарихы кафедрасының меңгерушісі Муалля Уйду Югель, т.ғ.к., доцент Еділ Ноянов, т.ғ.к., доцент  Гүлмира Сәбденова, т.ғ.к., аға доцент Нәсия…

Read More

 Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен отырысыта теле-, радио- хабар тарату саласында мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері талқыланды. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңына сәйкес мемлекеттік тілдегі теле-,радиобағдарламалардың көлемі өзге тілде көрсетілетін жалпы көлемінен кем болмауы тиіс. Бердібек Сапарбаев меңзеп өткендей, мониторинг жүргізу кезінде бұл талаптарды орындамау жағда        лары мен қабылданған нормаларды бұзушылықтар анықталған болатын. Премьер-министрдің орынбасары телерадиокомпаниялардан тіл саласындағы заңнамаларды қатаң ұстанып, алдағы уақытта бұндай заң бұзушылықтарға жол бермеуді талап етті. Осыған орай, Б. Сапарбаев тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді. mk.gov.kz

Read More

Елінің тыныштығы жолында жарты ғасыр бойы аттан түспей, ерлігіне дос түгілі дұшпанды да сүйіндірген батырдың ұрыстағы көзсіз ерлігі, ақыл-парасаты мен сардарлығы әлі күнге дейінгі аңыз болып айтылып келе жатқаны белгілі. Алайда, қазақ халқының хан кешті қайғылы тағдыры қол бастаған сардарын, ел бастаған көсемін, дауды шешкен шешенін, жауды қуған батырлардың талайын тарихи аренаға көтерді. Бірақ батырдың да батыры бар. Тәуке заманын айтпағаннің өзінде 1723-ші жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» бастап жаудың бетіне, желдің өтінде болып, қабырғасы қайыспай, ел тағдырын арқалаған Қанжығалы Бөгенбай, Қара Керей Қабанбай, Шапырашты Науырызбайлардың ерен ердлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Осындай батырларымыздың әрбіріне бір-бір роман, монографиялық шығарма арнаса…

Read More