ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Жаңа үлгідегі куәлікті алу үшін, фотоға түсу кезінде беттегі татуировканы опа-далаппен бояп тастау қажет болады, деп хабарлады Алматы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы бас филиалының баспасөз хатшысы Жаңыл Әлетова. «Егер татуировка кететін болса, қас, ерін татуажы секілді, онда фотоға түсуге болады, егер кетпейтін болса, онда қайда барасың – солай фотоға түседі, бірақ көрнекі жерге салынған көркем татуировкаларды, макияж секілді, сыртынан бояп тастап фотоға түсу қажет болады. Әйтпесе шекарада проблемалар туындауы мүмкін», — деді Ж. Әлетова сейсенбіде. Сондай-ақ жаңа үлгідегі куәлікке фотоға түсу кезінде пирсингі бар азаматтарға әшекейлерін шешуге тура келеді. Бұл ретте, Ж. Әлетова нақтылап өткендей,…
Автор: admin
Бүгінгі әлемдегі «алқакөл сұлама» заманда жан-жақта шашыраған қазақтың басын рухани тұрғыда қосу мәселесі өте өзекті. Соның бірі – Өзбекстандағы қазақ қандастарымыздың жәй-күйі. Өзбекстанда ресми түрде 1,5 млн қазақ тұрады. Арғы жағын қазбаламай-ақ қояйық. Егер қазбалап жіберсек, 3 млн-нан асып жығылуы да ықтимал. Сол көрші елде қазақ мектептері жаппай жабылуда. Көршіміз де ұлттық мемлекет құрып жатыр, сондықтан оларға ренжудің жөні жоқ. Одан да «біз, қазақ, не істей аламыз?» деген сұраққа жауап іздейік. Өзбекстандағы білім саласындағы негізгі мәселе – олар латын әліпбиіне көшкен, ал қазақ мектептері кириллицаны қолданады. Яғни, ондағы қазақ мектебін бітірген қандастарымыздың көрші елдің жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндігі жоқ…
Назарларыңызға жазушы Илья Эренбургтың 1942 жылы 18 қазанда жазған «Қазақтар» атты очеркін ұсынып отырмыз. Орыстың белгілі жазушы-журналисі Илья Эренбург Ұлы Отан соғысы жылдарында «Красная звезда» газетінің майдан даласындағы тілшісі болып қызмет еткен. Ол сол қызметін енді бастап жүрген кезінде «Қазақтар» деген очерк жариялап, ұлтымыздың даңқын бүкіл әлемге танытты. Орыстар қазақтың өжет, өр, намысты ұлдарын тани білген. Бұған осы дүние дәлел болып отыр. Оян, қазақ! Фрицтердің бірі маған: «Бізге қарсы сұрапыл жауынгерлер соғысты. Оларды ешқандай қару тоқтата алмайды екен. Содан соң маған бұлардың қазақ екендігін айтты. Бұрын-соңды мұндай ұлттың бар екендігін білген жоқпын», – деді. Олар көп нәрсені білмейді. Барлығы біртұтас…

