Бүгінгі күні Қытайдағы жекпе-жеке спорт түрлерінде аз ұлт өкілдерінің саны артып келеді. Бұған Қытай мәжбүрлі түрде барып отыр десек артық емес. Себебі, күрес, бокс секілді спорт түрлерінде аз ұлттардың нәтиже жаратып, жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Бұл олардың қанына біткен мықтылығы, табиғаттан дарыған ерекшелігі. Солардың қатарында қазақ жастары да бар. Біз сөз еткелі отырған жас оғлан – Ұлпар Қарқынұлы. Қытайдағы еркін күрестен мемлекеттік чемпион Серік Қожабайұлының ізі қалған, бүгінгі күні әлемде өзіндік аты шығып жүрген бокеріміз, қазақтың мақтанышы — Қанат Исламның туған жері Қаба ауданының түлегі. Ол 1996 жылы Қаба ауданының Сарбұлақ ауылы, Түлкілі қыстағындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Кішкентайынан боксқа…
Автор: admin
Франция билігінің хабарлауынша, сатиралық Charlie Hebdo журналының Париждегі кеңсесіне 7 қаңтар күні жасалған қарулы шабуыл салдарынан 12 кісі өліп, он адам жараланған. Редакция маңында тұрған қарулы қара киінген екі адам. Париж. 7 қаңтар 2015 жыл. Франциялық AFP ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, мерт болғандардың екеуі полицей, біреуі журналист. Ал жарақат алғандардың алтауының халі нашар. 40 адам шабуыл аймағынан құтқарылған. Қаза тапқандардың қатарында журналдың шеф редакторы Стефан Шарбонье және карикатуристтер Жан Кабу, Жорж Волынски және Бернар Верлак бар. Куәгерлердің бірі жергілікті БАҚ-қа екі қара киінген адамның журнал редакциясы орналасқан ғимаратқа Калашников автоматтарын ұстап кіргенін, бірнеше минуттан соң атыс естілгенін айтты. Сосын қарулы адамдар ғимараттан шығып кеткен. Кейін Франция…
Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ, Тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Қазақ – ұзақ тарихы, шұғылалы мәдениті бар байырғы халықтардың бірі. Оның этногенезі осынау кең-байтақ Еуразия сахарасында ерте заманда өмір сүрген көптеген ру-тайпалардан бастау алып, мыңдаған жылдар бойы өзара сіңісу, біртұтастану, ыдырау, қайта бірігу барысында бір-бірімен етене жақындасқан этникалық топтардың ортақ ұлттық мәдениет қалыптастыруының нәтижесінде, Қазақстан аумағында бірегей дербес ұлт болып тарихи сахнасына көтерілген. Сол сияқты, Қазақ ұлттық мемлекеті, яғни Қазақ хандығы да Қазақстан аумағында ерте, орта ғасырларда құрылған тайпалық одақтар, аймақтық мемлекеттер, тіпті, алып империялардың дамып көркеюі және құлдырап ыдырауы сияқты…

