Президенттердің бұзылу себебі неде? Жақсы президент ретінде бастап, кейін авторитаризмге жол беріп, ақыр аяғында қанды қол диктаторға айналудың себебі не? Не себепті, кейбір авторитарлы басшылар жақсы бастап, жаман аяқтайды немесе күмәнді жолмен билікке келіп дұрыс жолға түседі? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейікші. Бұл сұрақтарға жауап іздеп көрген саясаттану ғалымдары Шаун Ларком (Кембридж), Тим Виллемс (Оксфорд) пен Мар Саррдың (Кейптаун Университеті) қызықты ойларын да келтірдік. Ең қарт мемлекет басшысы — 91 жастағы Роберт Мугабе 1980 жылдан бері Зимбабвені үздіксіз 35 жыл бойы басқарып келеді. Мугабе 1980 жылы президент қызметіне кіріскенде отарлық бұғаудан жаңа босаған тәуелсіз мемлекеттің басшысына айналды. «Оның басшылығымен Зимбабве…
Автор: admin
Оппозиция дегеннің өзі бытырап кетті ғой. Бұрын осындай сайлаулардан кейін бәріміз жиналып, баға беріп жататынбыз. Бүгінде о да жоқ. Сондықтан сайланған президентке мен бір тілек айтайын. Бұл менің жеке пікірім. Нұрсұлтан Әбішұлы! Сайлау бітті. Таққа тағы да отырдыңыз. Ендігі жерде өзіңіз айтқан реформаларды дереу қолға алыңыз! Әсіресе, саяси реформа, заңдар мен Ата Заңға өзгерту секілді маңызды шаруаларға баса көңіл бөліңіз. Қоғамда қалыптасқан пікір-ойды алуандығын ескеріп, мейлінше кең қамтыңыз, өйткені осы жылдар ішінде өзін не билікте, не оппозицияда көргісі келмейтін жаңа күштер мен тұлғалар қалыптасып қалды. Саяси өлімдердің шындығын ашу, тәуелсіз БАҚ қудалауды доғару секілді шаруалар кезек күттірмейтіні анық. Осы жылдары…
Алматыда “Адем” сауда үйі өртенді деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап 24.kz. Алапат өрт түнгі сағат 21:00 шамасында тұтанған. Әуелде сауда үйінен будақтаған түтін шығып, соңы жалын шарпыған өртке ұласыпты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, сауда үйін жалға алғандар өрт басталысымен жедел жеткенімен, тілсіз жаудан тауарларын арашап қала алмаған көрінеді. Сондай-ақ өрт басталғанда сауда үйінен қатты жарылыс даусы естілген. Бұл дыбысты газ балоннының жарылған дауысы деген болжамдар айтылуда. https://youtu.be/A0EyXVhA4P0 24.kz

