Осы мақаланы Елбасымыздың: «Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу — өмірлік маңызды нәрсе..», «Қазақстан мемлекеті ешқашан, тіпті ең қиын кезде де азаматтарын тастамайды. Мемлекет елдің дамуына қажетті танымал емес шешім қабылдауға өзіне жауапкершілік алудан қорыққан жоқ» — деген даналық сөздерімен бастағым келді. Оған себеп: 1997 жылы бекітілген «Халықтың көші-қоны туралы заңы» 2011 жылы 22 шілдеде түбегейлі өзгерістерімен өмір талабына сай жаңадан бекітілген еді. Егер сол кезде Ішкі істер министрлігі, Үкіметке осы заңды жүйелі жүзеге асырудың оңтайлы шешімдерін қарастырған нормативтік акт, ережелерін бекіттіріп қолданысқа енгізгенде заң да өз қажеттілігін ақтар ма еді?.. Өкінішке орай, одан…
Автор: admin
Мемлекет басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарды қарастырды. Сонымен қатар екі елдің көшбасшылары Украинадағы ахуалды, оны барлық мүдделі тараптардың қатысуы арқылы реттеу жолдарын талқылады.Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәнді мәселелері жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік беретін бұл кездесудің маңыздылығына тоқталды. – Барлық қиындықтарға қарамастан Рада сайлауын өткізіп, үкімет құра алғандығыңыз үшін Сізді құттықтағым келеді. Бұл – Сіздің президент ретіндегі алғашқы үлкен жеңісіңіз. Минск хаттамасының әзірленуі де Сіздің еңбегіңіз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті елдеріміз арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру және деңгейін көтеру қажеттігіне назар аударды. – Қазақстанда Украинаның коммуналдық және ауыл шаруашылығы техникалары кеңінен…
Нұрсұлтан Құрман, «Хабар» агенттігі: – Құрметті Елбасы, Сізбен жолығу мүмкіндігі туғанына қуаныштымыз. Менің және әріптестерімнің сізге қояр бірнеше сұрақтары бар. Сіздің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты туралы Жолдауыңыз жұрт көңіліне ұялаған күдікті сейілтті. Осындай маңызды қадамның тарихи қажеттілігі қандай және осы саладағы инфрақұрылымға салынатын қаражат өзін қалай ақтайды? Оның біздің экономикалық жағдайымыздағы тиімділігі қандай? – Халық өз басшыларын сайлаған кезде, сол басшының қолына тізгін- шылбырды береді де, «біздің жағдайымызды ойла» дегенді айтады. Дәл солай айтылмаса да, мағынасы сондай болады. Президенттің, ел бастаған адамның мойнындағы жүктің ауырлығы да сонда. Ол болып жатқан, алда келе жатқан оқиғаларды біліп, түсініп, сараптап, соған қарсы…

