Автор: admin

Baq.kz – Ұлттық банк бірнеше ескерткіш монеталарды жарыққа шығарды. Олар Польшаның монета сарайына сатылады.  Монеталардың бірі «Жоғалып бара жатқан жəне сирек кездесетін жануарлар түрлері» сериясынан, номиналы 100 теңгелік «Сұңқылдақ аққу» ескерткіш күміс монетасы. «Сұңқылдақ аққу» күміс монетасының пішіні сопақ. Монетаның бет жағының орталық бөлігінде Қазақстан республикасының елтаңбасы бейнеленген. Сондай-ақ монетада оның сынамын жəне массасын білдіретін «Ag 925 24 g» жазу, ұлттық ою-өрнектің екі элементі, номиналды білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу жəне Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жəне монета соғылған жылды білдіретін «2014» деген сан бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген. Монета 925 сынамды…

Read More

 1998 жыл. Мәскеу метросында, зырлап бара жатқан пойыз ішінде бір қарттың жүрегі тоқтап қалды. Жетпіс бір жастағы шалдың басынан бағы тайған емес еді. Бірақ абыр-сабыр қалың нөпір оны танымады. Жедел жәрдем қызметкерлері бейбақтың мүрдесін мәйітханаға жеткізді. Оны іздеген ешкім болмады. Бес күн өтті. Дәрігерлер бұл күнде мүрдені сойып, неден өлгенін анықтап қойған. Келесі кезекте “қаңғыбас” деп танылған мәйіт мединститут студенттерінің “ермегіне” айналды. Сойып, түрлітәжірибелер жасалды. Шалды “қаңғыбас” ретінде тіркеп, артында сұрауы жоқ марқұмдардың моласына жерлемек болған еді. Соңғы сапар алдында милиция қызметкерінің бірі әлгі мәйітке бір қарап, Қазақстан Компартиясының бұрынғы Бірінші хатшысын тани қойды. Геннадий Колбиннің мәйіті туыстарына осылай тапсырылды.…

Read More

Ұлтты жаңа сапаға көтеремін, сол арқылы оған бостандық, азаттық әперемін деп алтын айға қол созған өткен ғасырдың басындағы ұлт зиялылары бір нәрсені анық сезінген, бір мәселемен бетпе-бет келген. Ол – қазақтың ұлт болып ұю процесінің кешеуілдеп қалуы еді. Мемлекет құрып, осы мәселені шешуден үміттенді. Өкінішке қарай, оның бұл әрекеті құр­­дымға кет­ті. Аңдысқан күштер ай­ла­лы, әдіс-құралы басым болып шықты. Бұл өмір күрестен тұрады. Жер үс­тін­дегі орынға жеке мемлекеттердің, этностар­дың. Кімнің даярлық деңгейі жоғары болса, сол өмір­шең, ұтады. ХХ ғасыр басындағы ар­палыста біздің даяр­­лығымыз төмен болып шықты. Ұтылдық. Жеңіл­дік. Жаңа ғасырдың басында Алла, Жа­рату­шы Ие­міз бізге тағы бір мүм­кін­дік бе­­ріп отыр. Мемле­кет­тігі­міз…

Read More