Қызылқұрт руы. Біз бұл руды Кіші жүз құрамында алғаш рет А. Левшиннен кездестіреміз. М. Тынышбаев келтірген шежіре бойынша, біз қызылқұрт руында емірей, олжашы, ерші деген үш тармақ болғанын көреміз. Бламбергтің мәліметтерге қарағанда, онда үшеу емес. қайта төрт тармақ кездеседі. Жоғарыда аталғандарынан басқа тағы да төртінші тармақ сүбе (саба) бар, мұны біз ең дұрысы деп санаймыз. Қызылқұрт руының таңба белгісі (Мейер бойынша), (Тынышбаев және архив материаддары бойынша), ұраны «Жиенбай». Таңбалардың әр түрлі болуы бұл рудың шыққан тегінің аралас екенін дәлелдейді. Ал оған қандай компоненттер кірген? Бұл жөнінде ең алдымен тым болмағанда қызылқұрттың тармақ ретінде Кіші жүздің тама руында бар екені және дәл сондай тармақтың ысты тайпасының (Ұлы жүз) ойық руында бар екені бойынша пікір айтуға болады. Бұл ретте олардың соңғылармен тіпті таңбасы да ұқсас (көсеу).
Alashainasy.kz


