Автор: admin

Бүгін — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. 16 желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі…

Read More

1986 жылғы Желтоқсан уақиғасы болғанда мен Анкарада әке-шешемнің қасында тұрушы едім, техникумның соңғы курсында оқып жатқам. Ол кезде Совет Одағының бар кезі, әлі Қазақстанға келіп көрмеген едім, дегенмен Алматыдағы «Отан» қоғамымен хат алмасып, қазақша кітаптар алып тұрушы едім. Кеңес Одағының ішінде не болып жатқаны біздерге құпия еді, ешбір мәлімет жоқ, ол кезде барыс-келіс те жоқтың қасы, ілуде біреу болмаса еркін араласу мүмкіндігі жоқ болатұғын. Біздің үйде әкем «қарабазардан» алған Польшада жасалған «Моника» маркалы трансисторлы бір кішкентай радио бар еді, сол радионың қысқа толқынын олай бір шұқылап, былай бір шұқылап, әйтеуір күндіз кешке қазақша сөйлейтін бір радио іздеймін де тұрамын. Түркияның…

Read More