Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Колбиннің ит өлімі – жазықсыз жапа шеккен жастардың лағынеті…
Қоғам

Колбиннің ит өлімі – жазықсыз жапа шеккен жастардың лағынеті…

20/12/20140

колбинжелтоқсан

 1998 жыл. Мәскеу метросында, зырлап бара жатқан пойыз ішінде бір қарттың жүрегі тоқтап қалды. Жетпіс бір жастағы шалдың басынан бағы тайған емес еді. Бірақ абыр-сабыр қалың нөпір оны танымады. Жедел жәрдем қызметкерлері бейбақтың мүрдесін мәйітханаға жеткізді. Оны іздеген ешкім болмады. Бес күн өтті. Дәрігерлер бұл күнде мүрдені сойып, неден өлгенін анықтап қойған. Келесі кезекте “қаңғыбас” деп танылған мәйіт мединститут студенттерінің “ермегіне” айналды. Сойып, түрлітәжірибелер жасалды. Шалды “қаңғыбас” ретінде тіркеп, артында сұрауы жоқ марқұмдардың моласына жерлемек болған еді. Соңғы сапар алдында милиция қызметкерінің бірі әлгі мәйітке бір қарап, Қазақстан Компартиясының бұрынғы Бірінші хатшысын тани қойды. Геннадий Колбиннің мәйіті туыстарына осылай тапсырылды. Жерлеу рәсіміне жақын-жұрағаттарынан басқа ешкім қатыспады. Не Кремль, не Ульяновтан ресми тұлғалар келмеді. Қазақстан басшылығы да арнайы сапартоп жібермеді…
Геннадий Колбин Ульянов обкомынан Қазақстанға келгенде Төлебаев көшесіндегі пәтерін 33 мың рубльге күрделі жөндеуден өткізді. Ал ол кезде үш бөлмелі пәтердің құны 10 мың рубль болатын. Қыздары мен заттарын Ульяновтан Алматыға транспорттық ұшақпен жеткізуге Қазақстан бюджетінен 27 мың 700 рубль жұмсалды. Бұл да түк емес. Екі иті мен әйелін арнайы ұшақпен 7 мың 700 рубльға әкелді.
Колбин Қонаевтың жұмыс кабинетіне алғаш рет кіргенде – ортада тұрған үлкен глобусқа қатты таң қалды. “Мұншама глобус Қонаевқа не үшін қажет еді?!” деп жиын сайын айтумен болды. Ал Қазақ  Республикасының Ульянов облысын отыз орайтын, әлемде жер көлемі бойынша 9-орында тұрғаны қаперіне де кірмеді.
Шымкентке бір барған сапарында “Қазақ етті жақсы көретін халық екен. Енді малдың ішек-қарнын тазалап, басын кесіп алып, сатылымға терісімен шығарамыз” деп бөсті. “Неге?” деген сұраққа: “Сонда әр қойдың терісі 1,5-2 келі, ал сиырдың терісі 15-20 келіден тартады. Бұл қосымша салмақ. Сонді біз Қазақстанда қосымша 8 мың тонна еттің мәселесін шешеміз. Бұл нәрсенің республикамызға пайдасы қанша екенін білесіздер ме?!” деді. Кейбір ақылды кісілер терінің шикізат екенін, оны өңдеп, халық тұтынатын басқа да заттар жасалатынын айтып түсіндірмегенде – елімізде терісі сыпырылмаған еттің сатылуы да мүмкін еді. Колбин республиканы етпен қамтамасыз ету мәселесіне қатты бас қатырды. Бұрынғы Мао Цзе Дун секілді жыл құстарын жаппай атып алу туралы да бастама көтерді. Бірақ бақытымызға орай ол күнге жеткен жоқпыз…
Қазақ ешкімге ит өлім тілемейді. Абыройсыз өлімді де ақтап алуға тырысады. Тіпті, болмады дегенде ол туралы жақ ашпайды. Саусағын шұқшитып, бетіне баспайды. Бірақ Колбиннің ит өлімі – маған жазықсыз жапа шеккен жастардың лағынеті секілді.

Тоқтар Жақаш,

Фейсбук парақшасы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМәмбет ҚОЙГЕЛДІ. ОЙЛЫ ОППОНЕНТТЕН ҰТЫЛМАУ ҮШІН
Next Article Ұлттық банк украиналық ертегінің желісі бойынша монета шығарды

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.