Автор: admin

Бүгін әлемдік тегін аударма жүйесі — Google Translate қызметіне қазақ тілі енгізілді. Енді Google Translate жүйесі арқылы әлемнің 90-ға тарта тілінен мәтіндерді қазақ тіліне және кері аударма жасауға болады. Аударма жүйесі компьютер мен мобильдік құрылғыларда бірдей жұмыс істейді. Қазақ тілін Google Translate-ке енгізу жұмыстары бірнеше жыл бұрын басталған. Былтыр Google компаниясы қазақ тілін сервиске енгізу бойынша тестілеуді бастаған. Компания қандай да бір тілді аударма жүйесіне қосу үшін нақты бір ғана ұйыммен ынтымақтаспайды, аударма сапасын жақсартуға ниет білдірген барша еріктілерден аударма қабылдай береді. Кейін ерікті сарапшылардың көмегімен ең үздік аударма үлгілерін сұрыптап алады. Google компаниясы қазақстандықтарды қазақ тілінде тәржіме жасау сапасын жақсартуға үлес қосуға, аудармадағы…

Read More

   Бұл сөзді қазақ топырағының қасиетіне бас иіп, патшасын ерекше құрмет тұтқан Тибет медицинасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты, биология ғылымдарының докторы Буджав Баасансурэннің аузынан естідік. Әлемді мойындатқан ғалым, еліміз жайындағы толғаныстарымен бөліскенде Елбасы Н. Назарбаевтың көрегендігін баса айтты. Тибет ғалымының айтуынша, қазақтың жері – Алла Тағаланың таңдауы түскен жер. Ол  өте қасиетті, оның тау-тасы, суы, шөбіне дейін ерекше. Барлығы Тәңірдің ерекше ықыласымен жаратылған. Ол: «Адамзатқа берілетін бүткіл жақсылық атаулы осы қасиетті топырақта. Бір сөзбен айтсам, жәндігінен бастап, адам баласына дейін барша жақсылық сіңген жер, ол – Қазақстан жері. Мен мұны ойымнан айта салған жоқпын, Тибеттің сан ғасырлық терең ғылымының…

Read More

BAQ.KZ – Әйгілі француз генералы, бүгінгі Францияның негізін қалаушы және бірінші Президенті Шарль де Голльдің кезінде Қазақстанға келгенін біреу білсе, біреу білмес. Көпшілікке беймәлім бұл оқиға 1966 жылы болған. Сол жылдың 25-26 маусымында Шарль де Голь Франция Республикасының сыртқы істер министрі Кув де Мюрвильмен бірге Қазақстан аумағындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында болып, кешеннің жұмысымен танысқан. Бір атап өтерлігі, Шарль де Голь – аталмыш кешенді көрген тұңғыш шетелдік мейман. Қазақ-француз қарым-қатынасының тарихи тереңдігін айқындайтын бұл мәліметтермен бүгін Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен бөлісті. — Шарль де Голь Астанада болмаса да, Қазақстанды өз көзімен көрген. Ал енді елдеріміз арасындағы…

Read More