Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ. ОЙЛЫ ОППОНЕНТТЕН ҰТЫЛМАУ ҮШІН
Қоғам

Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ. ОЙЛЫ ОППОНЕНТТЕН ҰТЫЛМАУ ҮШІН

20/12/20140

Ұлтты жаңа сапаға көтеремін, сол арқылы оған бостандық, азаттық әперемін деп алтын айға қол созған өткен ғасырдың басындағы ұлт зиялылары бір нәрсені анық сезінген, бір мәселемен бетпе-бет келген. Ол – қазақтың ұлт болып ұю процесінің кешеуілдеп қалуы еді. Мемлекет құрып, осы мәселені шешуден үміттенді.

Өкінішке қарай, оның бұл әрекеті құр­­дымға кет­ті. Аңдысқан күштер ай­ла­лы, әдіс-құралы басым болып шықты. Бұл өмір күрестен тұрады. Жер үс­тін­дегі орынға жеке мемлекеттердің, этностар­дың. Кімнің даярлық деңгейі жоғары болса, сол өмір­шең, ұтады. ХХ ғасыр басындағы ар­палыста біздің даяр­­лығымыз төмен болып шықты. Ұтылдық. Жеңіл­дік.
Жаңа ғасырдың басында Алла, Жа­рату­шы Ие­міз бізге тағы бір мүм­кін­дік бе­­ріп отыр. Мемле­кет­тігі­міз бар. Қа­зақ­тың жалғыз үміті – осы мем­ле­кет­тілі­гі. Осы мемлекеттілікке ие болып, жү­ріп жат­­­қан әлемдік кү­рес айдынында ау­да­ры­лып қал­май, емін-еркін жүзе аламыз ба?! Бұ­рын қазақ елі мен жері­нің оп­по­ненті біреу болса, енді бүгін бір­не­ше. Яғ­­ни өзіңді тәуелсіз субъекті ре­тінде се­­зіну жә­не ұстау күрделене түсті де­ген сөз.
Не істеу керек? Алданбау үшін, айлалы оппонентпен қатынаста ұтылмау үшін… Елдің күнделікті тіршілігіне қа­жет­ті мамандықтарды, кәсіпті игеру, өзіңе тиесілі міндетті мүмкін болғанша сапалы деңгейде, үлкен жауапкер­ші­лік­пен, ыждағатпен атқару қай заманда болмасын ел үшін ең өзекті мәселе болған. Бүгін де дәл сондай.
Бұған қосымша: біз, қазақ, өткен та­рихымызда көп ұтылған халық­пыз. Ендігі уақытта ұтылмау үшін жинақы, өз ісін білетін, бүгінгі сұра­ныс­тағы кәсіпті игерген, қандай деңгейде болмасын, қа­зақ деген ел екендігін сезінетін, өз болмысын жоғары ұстайтын және оны қорғауға әзір елге айналғаны­мыз жөн. Басқа жол жоқ. Ал бұл биіктен шығуға мі­нез қажет. Меніңше, ондай мінез біздің халықта бар. Егер өткен тарихқа, тәжірибеге сүйенсек, Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) қазақ елі ондай мінезін көрсеткен. 20-30 жылдардағы со­вет­тік сәтсіз реформалар мен жой­қын репрессияны ба­сынан кешіре оты­рып, майдан даласында қай­сар рухының сынбағандығын байқатқан.

Мәмбет Қойгелдиев,
тарих ғылымдарының докторы, профессор

qasym.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТарихтың түпқазығы Таңбалытас (ФОТО)
Next Article Колбиннің ит өлімі – жазықсыз жапа шеккен жастардың лағынеті…

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.