Автор: admin

Бутугычаг лагері. Тұтқынның миын ашып, медициналық сынақ жасап жатыр. Сурет НКВД мұрағатынан алынған. Сталиннің қаһарына ілінген саяси тұтқындардың басым бөлігі Магаданда болды. Қазақтың бетке ұстар тұлғаларының бірталайы осында жазасын өтеген. Ал бұл аумақтағы лагердің бірінде КСРО адам миына құпия түрде сынақ жүргізгенін көп ешкім біле бермейді.«Алаш айнасы» өз оқырмандарына осы құпияны ашқан автор еңбегіндегі естеліктерді ұсынады… 90-жылдардың басында шетелдіктерге ұсынылған «Өлім жазығы» деп аталатын деректі фильм бүкіл әлемнің төбе шашын тік тұрғызды. Ол бойынша адамзатқа жасаған коммунизмнің зұлымдығы фашизмнен де өтіп кеткен деген баға беріліп жатты. Ал одақ ыдырап, өтпелі кезеңге тап келген посткеңестік мемлекеттердің бұл кезде тарихты, өткенін салмақтап жатуға…

Read More

azh.kz Масқар — қазақ халқының құрамындағы ру.Тарихи әдебиетте Масқар руының шыққан тегі беймәлім. Шежіре бойынша, Кіші жүздің байұлы тайпасы құрамына енетін он екі рудың бірі. Тарихи деректерге қарағанда орта ғасырларда М-лар батыс Моңғолияны мекендеген түркі тайпаларының құрамында болған. Сондай-ақ М-лардың кейбір аталары қарақалпақ пен түркі өзбектерде кездеседі. Ұлы жүздің шанышқылы руында да М-лар бар. М-дан — құттықадам және масақ тарайды. Біз дон қойған бірденбір дерек мынадай. Батыс Моңғолия халықтарының арасында хотондар (дорбет тайпасыиың бір бөлігі) тұрған. А. Н. Самойлович оларды түріктер деп санаған. Хотондардың өздері де өздерін түріктер деп санайды. Потанин жазып алған хотондардың жеті руының арасында масқар руы кездеседі. Осы…

Read More

  Қазақ осы заманғы тарихында өз орнын ойып тұрып алған, алты Алаштың арманын бөліп-жармай, ортақ көтерген, тұтас Алаш ұранды Қазақтың басын біріктіргісі келген бірден-бір қозғалыс – Алаш Орда қозғалысы. Бірден-бір үкімет ол – Алаш-Орда үкіметі. Алаш  партиясы мен Алаш орда үкіметі, Алаш қайраткерлері туралы аға буын,  орта буын құлшына еңбектеніп жүр. Тіпті саясат сахынасына енді қадам басқан орта-жаңа буын саясаткерлерде өз имидждерін қалыптастырып, халық алдындағы бет-беделін көтеру үшін Алашордашыларды қалқан ететін кезге жеттік. Бір есептен бұл да жетістік. Біздің бүгінгі Қазақстан қоғамында кеше ауызға алу қылмыс болып саналған Алашордашыларды зерттеу, мадақтау, таныту аброй, мәртебе болса одан артық бақыт бар ма? Бұл…

Read More