Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған. Жаңа министрдің еңбек жолы мен мемлекеттік маңызды қызметтерде жинаған мол тәжірибесіне тоқтала кетейік. Арман Қырықбаев – мемлекеттік басқару, мәдениет, ішкі саясат және коммуникация салаларында мол тәжірибе жинаған маман. Ол еңбек жолында дипломатиялық қызметтен бастап, министрлік, өңірлік әкімдік және Президент Әкімшілігі деңгейіндегі бірқатар жауапты лауазымдарды атқарған. Арман Оразбайұлы 1976 жылы Астана қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық…
Автор: admin
Асылхан Мамашұлы Көшпенділер ойынынан дау-дамайы көп көкпар мен көкбөріні алып тастай салу керек деп қалжыңдап едім қырғыз әріптестерге. Мейлі, ұйымдастырушылар білер оны. Қырғыз блогері Ыдырыс Исаковтың жөн сөйлеп, туысқан халықтарды ауызбірлікке шақырғанын көрдім. Сөз соңында бір ғана өтініш айтыпты: – Болғаны қазақтардан кішкене ғана сұранышымыз бар. Батысқа берген бензиндеріңді бізге де беріңдер, тегін бермей-ақ қойыңдар, сатып аламыз. Сендер бермегендіктен Ираннан бензин алғалы отырмыз, сол ақшаны сендерге берейік,- депті. Бұл сөзге қол соғушылар да, қазақты жау санаушылар да көп екен комментінде. Ресей мұнай өңдеу зауыттарын Украина атқылаған соң Қырғызстан мен Өзбекстанда бензин тапшылығы қатты байқалып, күрт қымбаттады емес пе? Ресей қырғыз…
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, украин халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі-деп хабарлайды nomadtimes.kz. Украина президенті Владимир Зеленский президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтағаны үшін алғыс айтты. «Құрметті президент Тоқаев, ыстық ықыласты құттықтауыңыз үшін алғыс айтамын. Украина Қазақстанмен өзара құрметке, түсіністікке және халықтарымыз арасындағы көпжылдық байланыстарға негізделген достық қарым-қатынастарды жоғары бағалайды. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Сізге барлық бастамаңызға сәттілік, ал достас Қазақстанның халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тілеймін», — деп жазды Зеленский сейсенбі күні X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

