Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тұлғалар»ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ
Руханият

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Kultoleu Mukash. facebook парақшасынан
Ескі альбом
(ҰҒА академигі Серік Қирабаевтың естелігінен)
…Диссертация қорғаған соң, мен Мұқаңды үйіме қонаққа шақырдым. Ол кезде Мұқаң Төлебаев көшесіндегі жаңа үйіне көшкен болатын. Бұрын да екі-үш рет барғам. Мұқаңа диссертациям мен кейбір басылған еңбектерімді апарғам, жазған пікірін алғам. Мұқаң ерте тұрып, 7 мен 8-дің арасында далада қыдыратын да, жас ғалымдарды, аспиранттарын сағат сегізден тоғызға дейін қабылдайтын. Тоғызда таңертеңгі асын ішіп, жұмысына отыратын. Есікті өзі ашатын. «Ешкімді де жұмсамаймын. Өйткені қонақ маған келеді ғой» дейтін. Өзімен бірге есіктің алдында Дос деген иті тұратын. Маған әуелі барғанда, «7-де келсең, қораның ішінде болам, сегізден соң келсең, есік қақ» деген. Қаңтардың бесінде, қорғаған күні үйде ере келген жора-жолдастарым болды да, ертеңіне Мұқаңды шақыруға бардым.
Ол кезде қазіргідей алдын-ала, бір жеті, он күн бұрын шақырып қою салты жоқ. Шақырып келіп, қой сойып, сол күні де қабылдай беретінбіз. Ерте тұрып, сағат жетіден өте Мұқаң үйіне барсам, өзі қорада жүр екен. Әуелгі үй салған кезде Мұқаң қоршаудың іш жағынан жағалай екі қатар плита төсетіп, соны айналып қыдыратын еді. Бір жолы мен ерте барғанымда, көрсетіп, осыны бірнеше рет (санын атап еді, ұмыттым) айналып жүретінін айтқан. Сол әдетімен жүр екен. Сәлемдескен соң, «Мұқа, кеше жора-жолдастарым еріп жүрген соң, мазаңыз болмай ма деп шақырмап едім, бүгін әдейі шақыра келдім, кешкі сағат алтыда біздің от жаққан жерімізді көріп, шай ішіңіз» – дедім. Мұқаң ықыласпен қарсы алды. «Бәрекелді, барамыз, Валентина Николаевна екеуіміз» – деді. Мен адресімді беріп, сол мезгілде сыртта күтетінімді айттым.
Мұқаңның ерекше бір қасиеті – уәделі жерге дәл келетіні еді. Бұрын да кешікпей жүретінін көргем. Бұл жолы да дәл алтыда келді.
Мұқаңмен өткен сол кеш тек ішіп-жеудің, арақ ішудің кеші емес, әңгіме-дүкен құрып, ғибрат боларлық өнегесі мол кеш болған еді. Оған Ісмет Кеңесбаев, Нұрымбек Жанділдин (ол Орталық Комитеттің бөлім меңгерушілігінен босап, Ғылым Академиясына философия мен құқық секторын басқаруға келген), Қали Қайшыбаев (партия қызметкері), Зәки Ахметов (менің екінші оппонентім), Ислам Жарылқапов (менің жерлесім, ол кісі асаба қызметін атқарды) сияқты аз ғана топ қатысты. Жұрттың бәрі Мұқаң аузына қарайды. Ол кісі қонақты кешті ішіп-жеуге арнамай, мәдениетті дем алуға айналдыру керектігі жайлы айтып отырды. Европаның қонақ күту дәстүрінің жақсы жақтарын қабылдап, оны ұлттық дәстүрмен байланыстыру керек. Қазақтың қонағы тек ішу мен жеуден, былапыт арақ ішуден тұрады, оның өзі адамды шаршатады, ауырлатады. Мәдениетті жұрт сөйлегенде «господа, дамы» деп бастайды. Осыны да қабылдау керек. «Мырзалар», «арулар» десе, қандай жақсы. Әсіресе, Зия, Әлия сияқты әдемі жас келіншектерге «ару» деген сөз қандай жарасады (Мұқаң жас келіншектерді қошаметтеп, мақтап отырғанды ұнататын. Зия мен Әлия аттары аталғанда, қысылып қалғаны есімізде), «ару» деген сөзді кексе әйелдер де жақсы қабылдайды, оларға да ұнайды» – дей отырып, сөзінің аяғын тостыға айналдырды. Отырған арулардың саулығы үшін ішіп қоюды өтінді. Арасында әзіл-қалжыңдар айтылып (оны бастайтын Ісмет ағай), әдемі де сыпайы өткен кеш болып еді. Кетерде Мұқаң жақсы кеш болғанын, дем алғанын айтып, бірге өткізген азаматтарға ризалық айтты. Бізге Әлия екеуіміздің аттарымызды атап тілек білдірді. Асыл ағаның ақ тілегі қабыл болған болар – кейінгі өміріміз жаман өткен жоқ.
Бұдан кейін де менің Мұқаңмен дастарқандас болғаным бар. Мұқаңның қонаққа кешікпей дәл уақытында келетінін, үй иесіне, дәмдес жолдастарына жылы сөз айтып, кең отыратынын сол тұста да байқадым. Бірде Ғазиза Бисенованың (Кейін Ғабитке тиген) үйінде бірге болдық. Көп жыл өзіне машинистка болған осы кісінің үй алуына Мұқаң көмектесіпті. Сейфуллин – Виноградов көшелерінің қиылысындағы екі бөлмелі пәтеріне Мұқаң мен Валентина Николаевнаны шақырып, Ғазиза апай рахмет айтты. Ғазизаның сіңілісі Ғафураның жолдасы Жиенбек Рсалдин маған жерлес, жолдас еді. Солар арқылы араласып жүретінбіз. Мұқаңмен бірге біз Жиенбек екеуіміз ғана (әйелдерімізбен) болдық. Сол кеште де Мұқаң Ғазизаны, оның үйін мақтап, қошамет жасап отырды. Ара-арасында бізді де еске алып қояды. Ғазизаның үйін, бөлмелерін, балконын аралап көріп мақтағаны есімде.
– Ой, какой балкон! Валя, смотри какой большой, просторный балкон! – деген қошаметін естіп, Жиенбек екеуіміз күлгенбіз.
Бір жолы Ғабиденнің үйінде дәмдес болғаным бар. Онда да Мұқаң көңілді әңгімемен жұрт назарын аударып отырды, үзіліс кезінде Ғабит пен Ғабиден карта ойнауға отырғанда Мұқаңның ренжіп:
– Пәлі, бұлар сөйтеді енді… Өнбес іске жандары құмар. Мәдениетті ортада әдебиет, өнер жайында әңгімелер айтып, ақындары болса, өлең оқып отырмас па! – дегенін естігем. Ғабит пен Ғабиден картаға шақырып, ойынды мақтап, Мұқаңды «Сіз бізді ұтып аласыз» деп алдарқатқанда да, Мұқаң көнбеді:
– Білем сендердің қулықтарыңды. Бірдеңе ұтқызған болып, артынан алдап ұтып алатындарыңды, – деді.
Сондай бір оқиғаның болғанын өздері күліп еске алысты.
Суретте: Мұхаң, Валентина Николаевна, Лəйла мен Ернар.
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген
Next Article Көкжайлауға 2 мыңға жуық Шренк шыршасы егілді.

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

28- қыркүйек. Оралхан Бөкейдің өмір есігін ашқан күні.

28/09/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201462

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.