Қазақстандық ақпарат агенттіктері мерзімінен бұрын өткен президент сайлауының экзит-полл нәтижесі бойынша Нұрсұлтан Назарбаевтың 97,5 пайыз дауыс алғанын хабарлады. Сауалнаманы өткізген — «Қазақстан азаматтық альянсы» ұйымы. Ел аумағында сауалнама жүргізгендерін айтқан «Демократия институты» қауымдастығының директоры Юлия Кучинскаяның мәлімдеуінше, экзит-полл нәтижесіне қарағанда президент сайлауына түскен кандидаттардың енді бірі Тұрғын Сыздықов — 1,87 пайыз, екіншісі Әбілғазы Құсайынов 0,63 пайыз дауыс алған. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларынан түскен хабарлар бойынша жалпы республика бойынша сайлаушылардың келуі 95,11 %-ды құрады.
Автор: admin
kerey.kz | Сәу 26, 2015 Қызға таласып қырылысқан екеудің қылмыстық оқиғасын қоғамға жеткізген Әлібидің әкесі Нұрлан Жұмағұловтың Фейсбуктағы акаунты жойылды. Адвокаты белгісіз біреулер аккаунтты бұзып кіріп жойып жіберген деп жазыпты. Кеше күдікті Қайрат Жамалиевтің әйелі Алина Жамалиеваның да ФБ-парақшасы жойылған болатын. Сондай-ақ, осы оқиғада аты аталған Айнұр Исина да әлеуметтік желідегі аккаунтарын жауып тастады. Әлеуметтік желі қолданушылары Нұрлан Жұмағұловтың аккаунты парақшасындағы таяқ жеген ұлының ұсқынсыз суретіне ұжымдық шағым түскендіктен жабылған болуы мүмкін дейді. Себебі, ФБ ондай ұжымдық шағымдарды бірден қанағаттандырады. Бір сағат бұрын жаңадан парақша ашқан ол былай деп жазды: “Қымбатты достар! Менің facebook парақшам бұғатталды, не үшін екенін білмеймін және…
kerey.kz | Сәу 26, 2015 Шет мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беруге қатысты. Бұл үшін он елдің ірі қалаларында бірыңғай сайлау учаскелері ұйымдастырылған болатын. Мысалы, Тверь, Рязань, Смоленск, Ярославль, Краснодар, Воронеж, Кострома қалаларындағы әскери жоғары оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары үшін бірыңғай сайлау пункті Мәскеуде ашылды. Мұнда таң атысымен 159 әскери қызметші дауыс беріп үлгірді. «Қазақстан Президентінің сайлауына қатысу – біздің конституциялық құқығымыз және азаматтық борышымыз. Бұл шара – ел тағдыры. Мемлекет басшысын таңдау арқылы біз өз болашағымызға, тұтастай еліміз қадам басар жолға таңдау жасаймыз. Мен әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды деп…

