Алаш зияларының арасындағы тығыз байланыс, олардың бір-бірін рухани һәм материалдық тұрғыдан демеуі – шынайы тарихи факт болса, осы шындық сәт сайын ашылып жатқанына жаның қуанады. Алматыдан Астанаға араға кемі екі-үш күн салып жететін «Жас қазақ» апталығы 2014 жылы 7 қарашада (№ 44) жарқ еткізіп Байқал Байәділовтің «Сурет құпиясы» атты материалымен қоса арасына Мағжан енген бір топ азаматтың (оқушы балалар да бар) фотосуретін жариялады. Мақала авторы мұны Еңбекшілдер ауданы «Казгородок» мекенінде тұратын Зура Темірхановадан алғанынан айтады. Оның арғы жағында бұл кісінің әкесі Темірхан — М.Жұмабаевтың шәкірті болғанын жеткізеді. Сөйтіп материалының соңында «оқырман суреттегі азаматтарды танып жатса, газетке хабарласса екен» деп…
Автор: admin
Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин бүгін Астанада брифингте Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасы арзандайтынын мәлімдеді. Қарабалиннің сөзінше, Аи-92 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы бағасы бір литрі үшін 128 теңгеден — 115 теңгеге дейін, дизель отынының бағасы бір литрі үшін 115 теңгеден — 107 теңгеге дейін арзандайды. Ал Аи-80 маркалы бензин бағасы бұрынғыдай қала береді. Қарабалин бензин бағасының тек «таяу уақытта» арзандайтынын жеткізгенімен, нақты мерзімін айтпады. Кеше энергетика министрі Владимир Школьник заңға акциздердің бағасына өзгеріс енгізілгелі жатқанын және ол өзгеріс 2015 жылдың қаңтарынан бастап бензин бағасын арзандатуға әсер ететінін айтқан. Қазақстанда Аи-92, Аи-80 маркалы бензин мен дизель отынының бөлшек саудадағы шектік бағасын үкімет белгілейді. Биыл…
Абылайдың замандасы, Керейдің Байғара руынан тарайтын атақты Қуандық батырдың шапаны. 1745 жылы тігілген екен. Қазақтың 13 шебер әйелі 90 күнде 7 маралдың терісінен тіккен. 2 қолды жайғанда 2 жеңнің ұшының арасы 2 метр 20 см. Жеті түрлі жіппен жеті түс қолданылған: қызыл, сары, қоңыр, ақ, жасыл, көк, қара. ,68 парша-құрақтан тұрады, 415 гүл өрнектелген. Қытай жағы Алтайдың Буыршын аудандық мұражайында сақталған. Erlan Karin facebook парақшасынан алынды

