Бұл сөзді қазақ топырағының қасиетіне бас иіп, патшасын ерекше құрмет тұтқан Тибет медицинасының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты, биология ғылымдарының докторы Буджав Баасансурэннің аузынан естідік. Әлемді мойындатқан ғалым, еліміз жайындағы толғаныстарымен бөліскенде Елбасы Н. Назарбаевтың көрегендігін баса айтты.
.jpg)
Тибет ғалымының айтуынша, қазақтың жері – Алла Тағаланың таңдауы түскен жер. Ол өте қасиетті, оның тау-тасы, суы, шөбіне дейін ерекше. Барлығы Тәңірдің ерекше ықыласымен жаратылған. Ол: «Адамзатқа берілетін бүткіл жақсылық атаулы осы қасиетті топырақта. Бір сөзбен айтсам, жәндігінен бастап, адам баласына дейін барша жақсылық сіңген жер, ол – Қазақстан жері. Мен мұны ойымнан айта салған жоқпын, Тибеттің сан ғасырлық терең ғылымының негізінде осындай тоқтам жасадым. Қапшағай маңында орналасқан Таңбалы Тастағы жазулар құпияға, құнды дүниеге толы екен. Ол керемет ғұлама, оқымысты адамдардың қолымен мәңгілікке жазылған өшпес дүние. Мұны ешкім де, ешқашан, не техникамен не басқамен өшіре алмайды. Тіпті көшкін жүрсе де қалады… Қазақ халқының топырағанда осындай дүниелердің жатуы тегін емес. Таңбалы тастағы жазу бояуларының өміршеңдігі сондай, жаңбыр жауған сайын жаңарады, өйткені жазулар тасқа Алланың әмірімен, дұға күшімен жазылған. Міне, бұл -мәңгіліктің белгісі. Және жазулар жеті ғаламнан алынған табиғи бояулардың жиынтығынан жазылуы әбден мүмкін. Тастағы жазуларда бүткіл әлем халқына арналған, он сегіз мың ғаламның жақсылығы, нұры жинақталған. Мұндай мәңгілік таңба қалдырылған жер арқылы, оның шипалы, дауалы, киелі жер екенін білдіріп тұрғанын ұрпақ білуі керек. Бұндай нығмет тек қазаққа бұйырған….»- дейді.

Ия, Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы да осы ғалымның ғылыми дәлелдерімен ұштасып, бір мағынаны беріп тұрған жоқ па? … Н. Назарбаев Жолдауында: «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі» дегенді тобықтай түйінмен қорытты. Президенттің өзі айтқандай, Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел!… Осы елді біріктіруші күшті үйлестіріп, мынадай алмағайып заманда таразыны тең ұстап отыру оңай емес екенін түсінемін және де Қазақстан Президентінің осы мақсаттағы саясаты мен ұстанымдарының көрегендігіне тәнтімін дейді тибеттік ғалым Буджав Баасансурэн мырза. «Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын. Осы елдің Президенті Н. Назарбаев халқын бастаған қолбасшысы ретінде елін, халқын дүниежүзіне танытты. Қазақстан осы күні барлық саланы тең дамытып, оны әлемдік өркениетпен ұштастырып, мәдениетті, білімді тәжірибемен алмасуда тамаша жетістіктерге жетуде. Дәл осы қазақ елінің әлемге суырылып шыққанына өте қуаныштымын. Өзімді 21 ғасырдың ілім иесі ретінде, Қазақстанның бүгінгі жетістіктеріне жоғары баға беремін. Патшаларыңыздың дүниежүзінің дін басшыларының, ғылым иелерінің басын бір жерге –Астанада қосуы — үлкен көрегендікке жатады. Әр екі жыл сайын қазақ жеріне табаны тиген дін иелері қазақ топырағын тазартып, рухын одан да биіктетіп, рухани жаңаруына оң ықпалын тигізіп отыратынын біреу білсе, біреу білмес. Сондықтан да мұның астарында үлкен мән бар. Бұл Сіздердің басшыларыңыздың көрегендігі, оның елін, халқын ойлаудан, бақытты болашағын аңсаған арманынан туған стратегиялық іс-шаралар екенін ерекше атап өткім келеді. Қазақ халқы Тәңірге сыйынған иманды ел. Қазақ елі өзінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін осыншалықты таза күйінде сақтап қала алғанына куә болып, бас идім. Қазақ халқы өте дана халық. 21 ғасырға осындай табиғатын талатпай, тұнық қалпында алып келген қазақты құрметтеймін. Мені ыстық ықыласпен қарсы алды. Мен әлемде көп елді көрдім, бірақ дәл қазақтай қонақжай, адам сыйлауды білетін халықты кездестірмедім. Қазақ – ойы жүйрік, не нәрсеге сезімтал, бойларына ерекше қасиет дарыған халық екенін байқадым. Осылайша қазақ топырағында бар-жоғы 9 күн болып қайтқан тибет ғалымы, «Әлі де Қазақстанның алар белесі алда, жетер шыңы биікте» дегенді болжап кетті. Лайым, солай болғай! …
zhebe.com


