Автор: admin

Мемлекет басшысы Франция Президентімен жүргізілген келіссөздер барысында  екіжақты ықпалдастықтың кең ауқымдағы мәселелері талқыланғанын атап өтті. – Біз еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші кезеңіне француз компанияларының қатысу мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлдік.  Қазақстан бұл бағдарламаға қатысатындарға айрықша жеңілдіктер жасап отыр. Сондай-ақ француз тарапы «ЭКСПО-2017» көрмесіне әзірлікке және оны өткізуге атсалысуға ықылас танытты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Қазақстан Президенті екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастық жайына мемлекет басшылары ерекше назар аударғанын айтты. – Бүгін білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылады. Олар дипломдар мен университеттік дәрежелерді өзара тануға,  тілдерді белсендірек меңгеруге және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Ертең Алматыда «Сорбонна-Қазақстан»…

Read More

5 ЖЕЛТОҚСАН. ЖАЛПЫҚАЗАҚТЫҢ ІІ СЪЕЗІНІҢ БАСТАЛҒАН КҮНІ! Съезге Алаш қайраткерлері жер-жерге телеграмма жолдап шақырған. Орынбордан телеграм 10-ші ноябрь. Қай жерде болсын бүлік басталды, басылатын емес. Қырғын талау шығуға таянып тұр. Біреуге біреу сенуден қалды. Өштік, дұшпандық күшейді. Озса әрбір жұрт, қалса әрбір кісі бас қорғайтын күн туды. Біздің қазақ істің болары болып қалған соң ғана біледі. Өзге жұрттай алдын болжап, қаһарын түйген қатерден қайтсе құтылар қамын қылмайды. Дүниені өрт шалып, адамдықтан айуандық озып кеткенін көрмейді, ойламайды. Мына басталған бүліктің ауыр салмағы қазақта қалып, уыты бізден тарқайтын көрінеді. Қолымызды айқастырып қарап отыратын заман өтті. Жанды, малды, қатын-баланы қырғын талаудан қорғайтын күн…

Read More

(әңгіме) Ғалым Боқаш Өлкемізге жүз жылда бір айналып соғып тұратын жер сілкінісінен соң жұрт ен­ді ес жиып, мал мен жанын түгендеп жатқан аласапыран шақта жанталаса жекешелендіріп, айналасын мейілінше кең қоршап алған алағай да бұлағай аулалы, үгітілген іргетасының қисықтығы ұс­қынсыз шатырының алыптығынан бай­қалмай тұрған үйімнің алдында отырғам. Көр­шілермен арбасып өтіп жатқан өмі­рімдегі аз қызықтың бірі – ауланың әр же­рінде жабайы шымды шұқылап, ше­гірт­ке аңдып, құрт қуалаған қаратор­ғай­лар­дың риясыз қам-қарекетін қолым қалт ете қалғанда балаларыммен бірге оты­рып алыстан тамашалау еді. Сондай бір әсерлі сәтке енді сүңги бер­генімде жөткірінген дауыс естілді. Кіш­кентай дүрбісін төмен түсірген қызым қа­бағын шытты. Сол қапталымда тұратын ір­гетасының өзі…

Read More