Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ресей өкілінің болашақ ЕАЭО территориясында доллар мен еуроны қолданудан бас тарту бастамасына қарсылығын жариялады. ЕАЭО аймағынан шетел валюталарын шеттету идеясының астарында не бар? Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының вице-президенті Александр Мурычев келесі жылдың қаңтарында іске қосылатын Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерінің территориясында еларалық операциялар кезінде доллар және еуромен есеп айырысуға тыйым салуды енгізуді ұсынды. Бұл ұсыныс ЕАЭО-ның төлем жүйелерін дамыту тұжырымдамасы жобасында жазылған. Жоба авторлары Ресей мен Беларусь рубльдері, Қазақстан теңгесі және Армения драмы негізінде экономикалық одаққа мүше елдердің төлем кеңістігінің ортақ инфрақұрылымын құруды ұсынған. Оның үстіне ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, жобада ЕАЭО-ға мүше елдер территориясында…
Автор: admin
Текті қазақ Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари – Қазақтың екінші Бейбарыс сұлтаны. Араб елінде Бейбарыс сұлтаннан кейін, Сауд елі патшасының оң қол уәзірлігіне және Мекке қаласының әкімі лауазымына дейін көтерілген, Сауд-Арабия еліне «Еңбегі сіңген генарал», министр дәрежелі әскери басшы. Абдолланың өз есімі – Шәкен Сарыұлы. 1927 жылы Қытайдағы өр Алтайдың Шіңгіл ауданында туған, Орта жүз Керей ішіндегі Сарбас руынан. 1940-жылы қазақты қынадай қырған дұңған Мафуфаңның талауына түсіп, 13 жасында туған елінен айырылып, саудагер ұйғырға сатылып кеткен. 1941 жылы сол ұйғырмен бірге Сауд-Арабияға барып, сонда қалған. Міне осылайша Бейбарыстың тағдырын қайталаған тағы бір алып тұлға өмірге келді. Әкесі Сары атасы Үрзікенің қол…
Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1474 жылдары билеген. Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474—1480 жылдары билеген. Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген. Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1522 жылдары билеген. Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1522—1523 жылдары билеген. Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген. Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген. Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533—1537 жылдары билеген. Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген. Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538—1580 жылдары билеген. Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580—1582 жылдары билеген. Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582—1598 жылдары билеген. Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген. Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген. Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген. Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652—1680…

