ОРАЛМАН ағайын жөнінде тиіп-қашпалы әңгіме көп. Соны қарастырып көрейік. Рас, көштің басын бұларға қиын болды. Бізге үйрене алмады. Қазір үйренді.
Өздері мемлекеттің көмегінсіз сауда-экономикалық қатынастарға түсіп, елдің нарығында судағы шабақ тәрізді жүзетін болды. Бүгінде елімізге ұзын-қысқасы 1 миллиондай оралман келіпті. Олар біздің экономикаға қандай үлес қосып жатыр?
Қытайдан, Моңғолдан келген ағайындар, елге көшпес бұрын сол жақта зейнет ақыға шығып алады. Оларда зейнетақы бізден 2-3 есе көп. Сол, басқа бір мемлекеттің зейнетақысын осы Қазақстанда жаратады!! Осында келіп өз ақшаларына жер алады, үй алады, кіші-гірім магазин-кафе ашады. Олардың әкелген ақшалары төте жолмен ауылға жетіп, қазақ көп жүретін базарды, қойшылардың жайлауын аралап кетеді. Сондықтан көрінбейді. Бірақ биліктің тыным таппай айтып келе жатқан еліміздегі кіші бизнестің стимуляторы осы жандар. Мен жақында белді журналист жігітпен сөйлестім, әке-шешенің жібергені бар, мал сатып жібергені бар, тауар әкелгені бар жылына Қытайдан 20 000 доллар кіргіземіз дейді. Егер оралманның бір жанұясы жылына кемітіп 10 000 доллар әкеледі деп есептесек (кей кездері сома одан екі есе көп болады), жылына Қазақстанға 1 млрд АҚШ долларын кіреді екен!! Бұл соманы екі есеге азайтсаңыз да 500 млн АҚШ доллары шығады… Бұл адам инвестициясы, біздің елде қалатын қаржы. Осы қаржыдан салық төленеді, кіші-орта сауда жүреді, тағысын-тағылар.
Бұл біздің шеттегі ағайындарымыздың ұлтқа деген жәй ғана материалдық ұлесі.
Ерлан Саиров facebook парақшасынан алынды



