Автор: admin

Н.Әбіқаев Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі жұмысы мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері туралы баяндады. Кездесу барысында Қазақстан Президенті ел азаматтарының Сирия аумағындағы әскери қимылдарға қатысу оқиғаларына айрықша назар аудара отырып, халықаралық лаңкестік пен экстремизм қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. akorda.kz

Read More

28 қараша. Үстіміздегі айдың 27-нен 28-не қараған түні көрнекті театр сыншысы, аудармашы, педагог, профессор, Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшірбек Сығай жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұл туралы өз мәнбелеріне сүйенген ras.kz хабарлады. Әшірбек Төребайұлы Сығай 1947 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында туған. Ол 1969 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.  Мәдениет министрлігінде театр бөлімінің бастығы, Алматыдағы өнер басқармасының бастығы әрі алқа мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мәдениет бөлімінің нұсқаушысы, мәдениет министрінің орынбасары, Алматы театр және кино институтының ректоры, мәдениет министрінің бірінші орынбасары болып қызметтер атқарған. Қайтыс болғанға дейін Астанадағы ұлттық өнер…

Read More

Украинаның парламент спикері Владимир Гройсман (сол жақта,) президенті Петр Порошенко (ортада) және премьер-министрі Арсений Яценюк. Киев, 27 қараша 2014 жыл. Украинаның жаңа парламенті бүгін алғашқы отырысында Арсений Яценюкті қайтадан премьер-министр етіп сайлады. Ол бұл қызметті 2014 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді. Парламент президент фракциясының өкілі Владимир Гройсманды спикер ретінде мақұлдады. Еуромайдан шерулерінен кейін қайта сайланған Украина парламентіндегі еуропашыл бес фракция көпшілік коалициясын құрды. Олар үкіметті және Халықаралық қаржы қорынан экономикасы әлсіреген Украинаға қажет несие алу үшін бюджетті бекітуі керек. Коалиция үкіметтің толық құрамын 2 желтоқсанға дейін дайын етеді. azattyq.org

Read More