Білге – Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған қоздырған тайпаластар арасындағы соғысты тоқтату үшін 716 ж. әскери төңкеріс жасап, қағандыққа ағасы Білгені қойды. Ал Білге Күлтегінді әскербасы, ақылгөй, әрі қайын атасы Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындады. Осылай билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды. «Олар Ақылдың, Адалдықтың, Қайраттың өзара тіл табысып, елін-жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды. Ал Білге қағанның тұсында тек қана бейбіт дәурен орнады». Бірақ ол құт-береке өздігінен оп-оңай келмеп еді. «Жалаңаш халықты тоңды, аз халықты көп қылу» құны неге түскені Күлтегін үлкен жазуында былай баяндалған: «Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін…
Автор: admin
Үйдің жақсы болуы ағашынан, Жігіттің жақсы болуы нағашыдан дегендей Нұқаңның палуан болуы нағашы жұртына тартқан алып денелі анадан туған нағыз алып жігіт еді. Жастайынан-ақ жылқыларды жалынан тырп еткізбей ұстап жүгендеп жүрген Нұрқадыл көзге түссе бастайды.Төлек руының палуандары Қалден, Ордахан, Қаматайлар Нұрқадылдің келешек палуан боларын сезіп, оны өз бауырларына тартып баули бастайды. Тоқтарбай ұлы Нұрқадыл 1925 жылы Улаанхус өлкесінің Қызылтөбе маңындағы домбырашылдығымен танымал Бейіс зәңгі (Бешең,Қалақша) ауылында дүниеге келген. Әкесі әділ де турашыл,бірбеткей, халқына,әсіресе, ауылдастарына беделді адам болған. Азғана мал дәулетін қанағат тұтып, оны бағып, қағып өсіріп және де іскерлікпен шұғылданатын адам еді. Нұрқадылдің анасы атақты Қырыққанбас Назар батырдың қарындасы.…
Ахметов мемлекет қаржысына қол сұққан жоқпын деп отыр. Бұрынғы премьер-министр өзіне тағылған ауыр айыппен келіспейтіндігін айтты. Тергеушілердің айтуынша, Серік Ахметов жемқорлыққа қарсы агенттіктің таққан айыбымен толық танысып шығыпты. Бірақ экс-премьер құжатта жазылған кінәмен келіспейтіндігін айтып, мұның бәрі тергеушілердің ойлап тапқаны деп мәлімдепті. Қазір Серік Ахметов Қарағандыдағы коттеджінде екі айға үйқамақта отыр. Өйткені ол дәл осы баспанасында тұрақты тіркеуде екен. Құзырлы орган қызметкерлері шенеуніктің күзетуде. Оған телефон мен ғаламтор арқылы байланысқа шығуға да қатаң тыйым салынған. Ахметов Қарағанды облысының әкімі болған кезінде «ірі көлемде мемлекет ақшасын ұрлады» деп айыпталуда. Ол 2011 жылы әкімдіктен кеткен соң премьер болып, ал биыл сәуірде Қорғаныс…

