«Жығылғанға жұдырық». Онсыз дажылына бір рет қудалауға ұшырауы дәстүрге айналған «Адам бол» журналы тағы дақатты қысымға алынып жатыр. Аяқ астынан сот шешімімен оны шығару тоқтатылып,өткен аптадағы таралымы түгел тәркіленіп, басылым жабылудың алдында тұр.
Тек қана осы журналға ғанаемес, барлық тәуелсіз БАҚ-қа қарсы билік тарапынан жасалып жатқан әрекеттердіңсебебі неде және салдары қандай болмақ? Бүгін сол туралы айтып көрейін.
ҚАҺАРЛЫ СӨЗ ҚАМАЛ БҰЗАДЫ
Бұрын да билікке жақпаған талай БАҚ жабылды, журналистер ұрып-соғылды,сотталды, керек десеңіз, түрмеге де жабылды. Ал Батырхан Дәрімбет, АсхатШәріпжан секілді сыншыл сөздің серкелері құрбандыққа шалынды (олардың қазатабуының құпиясы әлі де ашылған жоқ). Сол құпияның өзі олардың өлімінің саясиастарын айқындап отыр.
Тәуелсіз БАҚ-ты тізгіндеп, тырп еткізбеу үшін билік заңдарды да өз қалауыбойынша өзгертіп отырды. Ол — өз алдына бөлек бір әңгіме.
Бірақ, қалай дегенмен, антиБАҚ-тық кезеңніңбір «адами» сипаты болды: билік не болса да өзінің қимыл-әрекеттерін формальдытүрде болса да, заңдастырған болып, «сырт көзден ұят болар-ау» деген сыңайтанытқан-сымақ болатын. Тіпті ең ауыр жағдайлардың өзінде формальды түрде заңғажүгінгендей боп жатты.
Ал қазіргі саясаттың жөні мүлдем бөлек! Оның аты – белден басу!
Бұлтартпас факт мынау. Иә, билік тәуелсіз баспасөздің қоғамдағы шынайыбеделін бұрыннан да түсініп келді. Енді болса сол түсінігі оның санасынатүпкілікті орнап, нақты саяси қадамдарының себебі мен негізгі бағдарына айналыпотыр!
Оның да өз жөні бар: қазіргі кезеңде Қазақстан бас билігінің таяудағыболашақтағы тағдыры шешілгелі тұр. Билік ішіндегі топаралық тартыс пентекетірес күн сайын ушығып бара жатыр.
Сол мылтықсыз соғыста БАҚ-тың орны – бір төбе.
Саяси партияны тіркемей не жауып тастауға болады (Тәуелсіздік алғалықаншама партия мен қоғамдық ұйымдар пайда болып, содан кейін құрдымға кетіп,ұмытылып қалды). Оның үстіне билікке жақын әрі өзін кешегі күнге дейіноппозициялық санап келген партиялардың ішінлеіг ырың-жырыңдар осы саясиинституттың беделін біршама түсіріп жіберді.
Ал БАҚ-тың орны бөлек, сонау 90-шы жылдардың аяғында шыққан газеттердің тігіндісінауыл аралағанда, үйлердің төрінде көріп жүреміз. Яғни, сол басылымдардың ғұмырыда, қоғамдық санаға тигізер әсері мен ықпалы – аса тұрақты, жыл өткен сайынүстемелене түсетін қоғамдық әрі рухани құбылыс! Шешуші шайқас қарсаңында билікосыны түсынып отыр!
ӨТІРІКТІҢ ҚҰЙРЫҒЫ БІР ТҰТАМ
Тәуелсіз басылымдардың ел арасында танымал әрі қалаулы болуының екі басты себебібар.
Біріншіден, қоғам дамуымен бірге ақпараттық технологиялар да қарыштапкеледі. Жайсыз не сыни хабарды билік қаншама жасырып бақса да, ұзынқұлақ ауылдада, Астанада да өз ретімен оны дүйім жұртқа жеткізеді. Сол туралы сюжетті кешкісінтеледидардан көрейін десе, мемлекеттік БАҚ елді елеңдеткен оқиға жайлы жұмғанаузын ашпайды. Сондықтан да жұрт апта сайын шығатын тәуелсіз басылымдарды асығакүтеді, қанша қымбат болса да, өз ақшасына сатып алады. Әрине, көп адам, соныңішінде жастар, Интернет арқылы барлық жаңалықпен таныс. Бірақ, шындығына келсек,ғаламтор бар ауылға жеткен жоқ, жетсе де, бағасы әлі де қымбат. Және де үлкенді-кішіліжұрт соған құлай берілді деп тағы айта алмаймыз.
Екіншіден, журналистикада «дезинформация» деген ұғым бар, яғни, белгілі біроқиға туралы не жалған ақпарат тарату. Осы «дезинформация» мемлекеттік ақпаратсаясатының түпқазығы іспеттес! Ауылдағы ағайын телевизорға қараса: қой үстінебозторғай жұмыртқалаған рахат өмір, жайнаған орта, қайнаған тірлік,әкімқаралардың таусылмайтын табыстары, елдің билікке деген шексіз махаббаты. Алесік алдына шықса: сұрықсыз өмір, тозған техника, быт-шыты шыққан ғимараттар, тентірепжүрген жұмыссыз жастар, елді жайлаған кедейшілік. «Хабарда» көрсетілетін елдетұрғым келеді!» деген қанатты сөздің кең тарап кеткені рас қой!
Бірақ, өтіріктің құйрығы қанша тұтам екені бесенеден белгілі емес пе?Осылайша күн сайын алдана берген аудитория шындық көзін іздеп басқа ақпаратресурстарын іздей бастайды…
Ал мұның мемлекеттің ақпараттық хауіпсіздігіне қандай зиян келтіретінінуақыттың өзі көрсетіп отыр!
КӨРШІНІҢ КІЛТІ — КРЕМЛЬДЕ
Қазақстандықтардың санасы не кешегі Совет Одағынан қалған, ал қазірКремльдің идеологиялық құралына айналған ресей БАҚ-ының біржақты уағызымен, неболмаса діни экстремистік сипаттағы алуан-түрлі ақпарат көздері күні-түнітарататын сыңаржақ секталық «рухани сусынмен» уланған!
Жабатын болса, соттайтын болса, неге дәл осы деструктивті БАҚ-ты жаппайды? Мәселен,«Адамбол» журанлы емес, дәл осы ресейлік телеарналар күні-түні сол соғыстынасихаттап жатыр емес пе?
Неге тек қана отандық тәуелсіз басылымдарға шүйлігеді?!
Тәуелсіз (ел ішінде «оппозициялық» деп аталып жүрген) БАҚ-ты қорқыту,үркіту, реті келсе, көзін құрту әрекетінің тағы бір, экономикалық тұсы бар.
Өйткені олар халықтық қазынаға, яғни бюджетке ешбір салмақ салмай, өз күнінөздері көріп жатқан БАҚ емес пе?! Бизнес тілімен айтар болсақ, отандық өнім (газет-журнал,телехабар) шығарып, қаншама адамға жұмыс тауып беріп (журналистер, техникалыхқызметтер, бүкіл республика бойынша таратушылар және тб.), оның үстіне салықтөлеп жатқан сол БАҚ-ты жабу экономикалық тұрғыдан да еш тиімділігі жоқ!
Оның есесіне жыл сайын мемлекеттік тапсырысқа беріліп жатқан 40 миллиардтеңге қаржының, кімге, не үшін және қалай кетіп жатқанын қоғам болып, майшаммен қарамаймыз ба?!
БӘСЕКЕЛЕСТІК – БОСТАНДЫҚТА!
Жә, шешілмеген шаруалар шашетектен, оның қайсыбірін айтып тауысасың.
Осындай жағдайда дәстүрлі «Не істеу керек?» деген сауал шыға алдыңнан. Ендісоны айтайын.
Меніңше, алдымен біз ұмытып бара жатқан «БАҚ туралы» Заңды қайтадан бірсараптан өткізу керек. Оның қабылданғанына біраз уақыт болды. Заман да, қоғамда сол кезден біраз өзгерді, жаңаша талаптар мен қажеттіліктер пайда болды.Неге соның бәрін тізіп, Заңға енгізбеске?
Мәселен, Конституцияда жазылған «сөз бостандығы» туралы бапқа сәйкескелмейтін тұстарын алып тастап, керісінше, БАҚ-қа заңсыз тізе батырған кезкелген билік өкілінің (сот болсын, прокурор болсын, шенеунік болсын) қылмыстықжауапкершілігін енгізсе. Яғни, БАҚ-қа қарсы қимыл жасаған әрбір лауазымды тұлғаөзінің де жазаланатынын білу керек. Әйтпесе, «Адамбол» журналы « соғыстынасихаттады» деп жала жауып жатқан сол прокурор не судья ертең басқа БАҚ-қа өзқаһарын төкпей ме?
Қазір мемлекеттің ақпараттық хауіпсіздігі туралы көп айтылады.
Әсіресе, отандық БАҚ-тың бәсекелестігін арттыру жайында әрқилы ой айтылып,небір ұсыныстар айтылуда. Меніңше, ең басты бір шарт орындалса, кез келген БАҚбәсекелі деңгейге өзі жетеді. Ол үшін сыртқы және ішкі цензураны жойып,журналистерге шынайы сөз бостандығын беру керек! Әрине, ол дегеніңіз ойынакелгенін жазу, жауапсыздыққа салыну деген сөз емес. Мәселен, Конституциядаайтылған тыйымдар (мемлекеттің Тәуелсіздігіне, жер аумағының тұтастығына нұқсанкелтірмеу сияқты және тб.) сөзсіз ескеріліп, ол талаптарды бұзған кез келгенБАҚ сазайын тартуы тиіс. Бірақ қоғамда болып жатқан алуан-түрлі процестер меноқиғалар туралы ашық айтуға ешбір кедергі болмауы керек! Сол кезде әрбір БАҚөзін жаңаша сезініп, ешкімнің көмегінсіз-ақ шынайы бәсекелес деңгейге көтерілеалады. Оқырмандар мен көрермендердің өздері оларды іздеп жүретін болады.
Ресей БАҚ-ның елдегі экспансиясының тамырына балта шабатын уақыт та келді.Украинаға қатысты оқиғалардың бір сабағы сол – қазақстандықтардың көпшілігіәлемде болып жатқан күрделі әрі екіұдай процестерге қазақ журналистерінің көзіменемес,Ресей телеарналарының көзімен қарайтын болды!Қазақстанға тікелей әріжаппай тарайтын олардың Киев пен Мәскеу арасындағы соғысқа біржақты баға беруіқоғам санасына біраз «колорадтық» және «ватниктік» ой-пиғылды сіңіріпүлгергенін ашық мойындауымыз керек!
Сондықтан осы телеарналарға жаңаша заман талабына сәйкес көзқарасқалыптастырып, оларға қатысты жаңа ойын ережелерін қабылдау керек! Әйтпесе,кілті Кремльдегі олардың ертеңгі күні кімнің мүддесін қорғап кетері неғайбыл:Тәуелсіз Қазақстанның ба жанашыры бола ма, әлде түп-тамыры Ресейдегі өзқожайындарының сөзін сөйлеп кете ме? Оның үстіне «ортақ Еуразиялық кеңістікқұрамыз» деп әлдебіреулердің улап-шулап жүргені, ол процеске біздің де БАҚбасшылары атсалысып жүргені болашақта қып-қызыл бәле боп шықпасына кім кепіл?
Айта берсе, әңгіме көп. Бір журналдың басына төнген хауіп ертең басқа датәуелсіз, оның ішінде қоғамдық-саяси мәселелерді ашық та батыл айтып жүргенБАҚ-қа да төнуі әбден мүмкін.
Ең басты ой-түйін мынада: бәсекелес ақпарат алаңы болмаған мемлекет ешқашанда өзі бәсекелес бола алмайды! Ал ондай орта тәуелсіз БАҚ-сыз бола алмайды! Биліктіңдәл осы саяси аксиоманы ұғатын кезі келді!
«Ашық алаң» (Қалам Мезгіл) газеті, №11, 27 қараша 2014 жыл


