Қазақстан Президенті Өзбекстан біздің еліміздің Орталық Азиядағы жетекші сауда-экономикалық серіктесі екенін айтты. – Әлемдік экономикадағы жағымсыз үрдістерге және негізгі өнім түрлеріне бағаның төмендегеніне қарамастан, елдеріміздің арасындағы тауар айналымы өсіп келеді. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 2 миллиард доллардан асты, биылғы 9 айда да жақсы өсім байқалып отыр. Елдеріміз экономикалық әлеуетін толық пайдаланып отырған жоқ деп санаймын. Тауарлар номенклатурасының аясы тар екендігін ескере отырып, Үкіметаралық комиссия мен үкіметтеріміз сауда көлемін ұлғайту бағытында жұмыс істеу керек, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәселесіне орай Өзбекстан Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін алғысын білдірді. – Біз көрме кешенінің құрылысын салуға…
Автор: admin
Қарашаның 23-і Мұстафа Өзтүріктің туғанына 60 жыл толады. Азаттық 1995 жылы мезгілсіз дүние салған Қазақстан таэквондосының негізін қалаушының өмірі жайлы деректер ұсынады. Мұстафа Өзтүрік қазақтың ұлттық музыка аспабы — домбыраны басынан жоғары көтеріп ұстап тұр. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, 1991 жыл. Руслан МЕДЕЛБЕК Елдос Мәсәлім – 1990 жылдардың басында Мұстафа Өзтүріктің енді азаттық алған Қазақстанда даңқы аспандап тұрған шақта онымен кездескенін мақтан тұтатын қазақ жастарының бірі. «Түркия құрамасын жаттықтырған, Тайваньда Брюс Лимен бірге киноға түскен қазақ таэквондо шебері» туралы аңыз ауыздан-ауызға таралып жатқан заманда Өзтүрік Қазақстанның бірқатар облыстарын аралап шыққан. Ол Шығыс Қазақстан облысындағы шалғай Үржар ауданындағы жанкүйерлерімен…
19 қарашаға қараған түнде Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұйрығы бойынша қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И.Н. Тасмағамбетов Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің жай-күйін күтпеген тексеру жүргізді. Тексеру барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері, Аэроұтқыр әскерлер мен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері дабыл бойынша көтеріліп, жоспарланбаған аудандарға шығарылды. Барлығы бұл іс-қимылдарға 3 мыңнан астам адам, 400 бірлік әскери техника және 36 авиациялық техника қатысты. Әскерлердегі маневрлерді ҚР Қорғаныс министрі және Бас штабтың өкілдері бақылады. Жасалған екікүндік тексеру барысында құрамалардың ұтқырлығы және олардың алыс қашықтықтарға күштерді жедел жеткізуге қабілеттілігі тексерілді. Полигондарда атыс және тактикалық-арнайы міндеттерді…

