Автор: admin

Арқаның әңгімесі Арқаңнан бұлай түйіп жібергенді білген емеспін. Басым қайқайып барып, өкшеме тиді білем. Доғадай иіліп қалдым. Егер азды-көпті спортсмен болмасам, не мойным үзіліп кететін еді, не болмаса — белім. Бұдан үш-төрт жыл бұрын өзім де талай баланы түйіп қалған болуым керек. Өз сыбағамды да алатынмын. Ал мына түйіс оқыс та орасан екен. Машинаға тиелген кранның тұмсығы түйіп жіберді ме екен деп едім. Егер мен емес бір мосқалдау адам болса, әсіресе, не әйел, не бір жас бала болса, мойны үзіліп, басы көшемен домалап бара жатар еді. Мүмкін, бүгін талай бастар домалаған да болу керек… Басым кілт қайқайып шалқалай бергенде…

Read More

Сақара үнін сапырған сыбызғы сарыны қазаққа етене. Ғажабы, бұл таныс әуен, сырлы сазды табиғаттың өзі құныға тартады. Бала шақта құйын ұйытқып, жел тұрғанда осы бір күйге құлақ түретінбіз. Қамыс басы қозғалып, қоға жапырылып, құрақтар сыбдырлап, ши-қурай уілдеп ала жөнелгенде жеті нотаға сыймайтын тамаша дала симфониясы туар еді. Сырлы саз Алтайдың баурайында, Алакөлдің айдынында, Балқаштың нуында, Есілдің ен бойында, Жайықтың жағасында, Бетпақтың шексіз құмында да ойнапты. Сосын сол күйі қу тақтайдың шанағынан, бір тұтам қамыстың өзегінен төгіліпті. Қазақтың қанын қуалаған бүлкілді тап басатын аспаптың төресі – сыбызғы. Оның үнін бір естіген адам қазақ даласын араласа дүниенің түгел сыбызғылатып тұрғанын аңдар…

Read More

   Сурет, tengrinews.kz Головкинмен кездесу өткізудің шарттары белгілі болды, деп хабарлайды SkifNews.kz. Vesti.kz сайтының хабарлауынша, Қанат Исламның промоутері Нельсон Лопес WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық титулдарының иегері Головкинмен кездесу өткізудің шарттарын атап өтті. Айта кетейік, Қанат Ислам бүгінде мықты боксшылардың тізіміне енген болатын. «Чемпиондық белбеуге баратын жолымыз ұзақ болмайды. Геннадий GGG Головкинмен кездесу өткізуге келсек, біз оған чемпиондықты алған соң барсақ дейміз. Бұл үшін жұмыс істеудеміз. Бұл керемет кездесу болар еді. Сонымен бірге, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубына енгіміз келеді», – деді Нельсон. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нельсон Лопес Геннадий Головкинге Қанат Исламның қарсылық көрсете алатын боксшы екенін…

Read More