Автор: admin

Мә, саған клуб керек болса Бейбіттер клубы құрылды Мүшелері: Бейбіт заманның Бейбіттері. Ұраны: Бейбітшілік жасасын! Мақсаты: Бейбіт өмірді баянды ету, қоғамда бейбітшілікті қалыптастыру. Жақсы көретін құсы: Көгершін. Жек көретін адамы: Путин. Клуб жарғысына сай мүшелердің жекелей тапсырмалары. 1. Бейбіт Шүменов алдағы бойларының барлығында қарсыласты аяп ұруы керек. Әрине жеңіс үшін аянбайды. Бірақ қарсыластың көзін көгертпей, бетін қанатпай, есін аудырмай аялай ұрып, очкомен жеңуді меңгеруі тиіс. 2. Бейбіт Ыстыбаев қанша барыс атанғысы келсе де аяп күресуге уәде берді. Қарсыласын жамбасқа алып лақтырғанда үстіне бірге құлай кетпеуді, неқұрлым бозкілемнің қалыңырақ жеріне тастауды және бір мөшек цементті тастағандай гүрс еткізіп тастай салмай, еппен…

Read More

©Алаш айнасы иллюстрациясы Ноғай-Қазақ — Кіші жүз құрамына кірмейтін ру немесе ноғай ұлтының қазақ арасына сіңіп кеткен бір бөлігі. 1740- жылдары патша өкіметі өзара алауыздықтың кесірінен онсыз да ыдырай түскен ноғайларға қатты қысым көрсеткен. Тіпті Г.А.Потемкин мен А.В.Суворовтың бастауымен қанды қырғындар ұйымдастырылған. Патшадан қысым көрген Ноғайлының бір бөлігі Орынбор губерниясына қарасты Жайық өзенінің саласы — Самардың бойын паналайды. «Алаш айнасы» интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға…

Read More

Ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем чемпионатында күтпеген жерден алтын алған Жасұлан Қыдырбаев (94 килограмм) Азаттыққа спорттағы жолы һәм жеке өмірі жайлы айтып берді. Ауыр атлет Жасұлан Қыдырбаевтың әлем чемпионатынан алтын алған сәті. Алматы, 14 қараша 2014 жыл. 22 жастағы Жасұлан Қыдырбаев спортпен 13 жасынан айналыса бастаған. Алғашында грек-рим күресінің үйірмесіне қатысқан. Ауыр атлетика секциясына спорт саласында жұмыс істейтін туысының кеңесімен ауысқан екен. — Әу баста Талғарда грек-рим күресі үйірмесіне барып жүрдім. 2006 жылы Алматыдағы Қаркен Ахметов атындағы спорт мектебіне түстім. Сол кезде ауыр атлетикадан олимпиадаға даярлау орталығында жұмыс істейтін ағам Бекен Бекмұхамбетов ауыр атлетикамен айналысқанымды құп көрді, — дейді ол.…

Read More