Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың 11 қарашасында Қазақстан халқына жолдауында Астанадан барлық бағыттарға автокөлік, темір жол және әуе магистральдары тарайтындай көлік желісі құрылатынын мәлімдеді. «Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 жұмыс орны ашылады. Бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең-байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған»,- деді Елбасы жаңа жолдауында. Мемлекет басшысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатынын айтты.…
Автор: admin
Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 94 килограмм салмақ дәрежесінде қазақстандық атлет Жасұлан Қыдырбаев чемпион атанды. Ол қоссайыс бойынша 408 килограмм (179+229) көтерді. Күміс медальді 407 килограмды көтерген тағы бір қазақстандық Владимир Седов иеленді. Қола жүлдені 399 килограмм көтерген литвалық Ауримас Дижвалис алды. Бұған дейін бұл жарыста Қазақстан спортшылары Зүлфия Чиншанло — алтын, Жәзира Жаппарқұл күміс жүлде алған еді. 8 қарашада басталған әлем чемпионаты 16 қарашада аяқталады. azattyq.org
©Алаш айнасы иллюстрациясы Абақ Керей 12 атаға бөлінеді. Бұл бөлініс Қытай қарамағына өткен кезден басталады. Абақ керейдің қайдан, қалай таратылатыны туралы шежірелер көп және оларда бірізділік жоқ, яғни «әркімдікі өзіне жөн» дегенге саяды. Ойғырлық Мәсәли, Дөйтен, Сахария қариялардың мақұлдауы негізіндегі атам Жанаттың (А.Ж) жазып қалдырған шежіресінде Абақтан Изен, Жусан. Изеннен Мағыналы, Сидалы, Жабайды таратады. Мағаналыдан Қойлау, Байлау делінеді. Қойлаудан-Ителі. Абақ Керейдің ішінде ителі руы «ноқта аға» аталады. «Алаш айнасы» интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің…

