Аңыздың ақыры 1963 жыл, аспирант кезім, қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін айғақтайтын жаңа мағлұматтар іздестіру үстінде, Тизенгаузеннің Алтын Ордаға қатысты әйгілі, бірақ біздің жұрт бетін ашпаған ескілікті жинағын зерделеп отырып, шетін, өзгеше бір дерекке ұшырасқан едім. Бұдан тура жеті жүз жыл бұрынғы кеп. Менің тақырыбыма тікелей қатысы жоқ, алайда, қазақ ескілігінің сыр-сыпаты, халық жадының әлей көрінісі ретінде санада таңбаланып қалған, танымға демесін, жазуға тыныс қосқан. Енді, арада тұтас бір ғұмыр өткенде, Шыңғыс хан туралы кең көлемді, деректі тауарихқа қажет, бұрынғы-соңғы жәдігерді қайыра түгендеу барысында тағы да алдымнан шықты. – Ніл-дарияның үстінде алып адамның жілігі көпір болып тұрғаны рас па? – деп…
Автор: admin
Қазақ Елінің Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы НҰРЛЫ ЖОЛ Қазақстан — ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек Жолын жағалай қоныс тепкен. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол — шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы…
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылды.Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды. Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова — (15.06.1965, Сырдария ауданы, Қызылорда облысы) — мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (2013 жылдың 28 қарашасынан бастап). Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, экономист-сарапшы. Э.ғ.к. (2005). Сапарбаев Бердібек Машбекұлы 1953 жылы туған, қазақ, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылының тумасы, білімі жоғары. (Білімі) 1977 жылы жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы…

