Автор: admin
Ол түрік үкіметін 5 рет басқарып, Тұрғыт Озалдан кейін ел тізгінін 7 жыл ұстады. Түркия тарихында экономикалық реформаларымен қалың халықтың қолдауына ие болып, елін жиһанның озық мемлекеттерінің қатарына енуіне зор үлес қосқан Түркияның 9-шы президенті Сүлеймен Демирел — 90 жасқа толды. Ол түрік үкіметін 5 рет басқарып, Тұрғыт Озалдан кейін ел тізгінін 7 жыл ұстады. Ол азаттығын енді алған Қазақстанға алғаш 1 миллиард доллар көлемінде несие беру идеясын құптаған саясаткерлердің бірі. Мерейтойға орай, сол жақтағы елші Жансейіт Түймебаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ақсақалға арнаған құттықтау хатын оқып берді. Кейін С.Демирел Ұлттық арнаға арнайы сұхбат берді. «Қазақ пен түріктің достығы- мәңгілікке жалғасады. Себебі,…
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы сөз қозғалды. Қазақстан Президенті өткен айда Федералдық канцлер А.Меркельмен Миланда жүргізілген келіссөздердің жемістілігін атап айтты. – Біз өзара іс-қимылдарымыздың барлық тармақтары бойынша тағы бір рет «сағаттарымызды теңестіріп», ынтымақтастықтың деңгейі жоғары және қарқыны жақсы екенін атап өттік. Біз сіздің елді Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі санаймыз және барлық бағыттар бойынша әрі қарай да жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде осы кездесу үшін алғысын білдірген Ф.Штайнмайер бұл оның Қазақстанға Германия сыртқы істер министрі ретінде келген үшінші сапары екенін…

