Әулетіміздің ұйытқысы, көненің көзі, бүгіннің абызы, шежіреші атамыз Орынбайұлы Қатран 77-ге қараған жасында Баян-Өлгейде қарашаның 10 күні бақилық болды. Атамыздың иманы жолдас, топрағы торқа болсын!
Орынбайұлы Қатран 1937 – жылы Баян-Өлгий аймағы Бұлғын сұмынының Лақшын деген жерінде дүниеге келген.
1956 – жылы орта мектеп бітіріп, 1961 – жылы Улаанбаатардағы Ауылшаруашылық иниститутын (ХАИС) зоотехника мамандығы бойынша тамамдаған.
Мал маманы, қазақтың жергілікті тегене құйрық қойының биологиялық ерекшеліктерін зерттейтін модика жасап, ұзақ жылдар бойы жасаған зерттеулерінің нәтижесінде «Керей тұқымының қойы» атты ғылыми еңбек жазды. Сол еңбегімен 1998 жылы Моңғол елінде қазақ қойын бөлек тұқым болғызып бекіттіріп, «Керей тұқымының қойы» деген ат беріп, Керей қойының стандартын бекіттірді. Мал шаруашылығы саласын ғылыми негізде өркендетуге қосқан үлесін үкімет жоғары бағалап, Керей қойының ақы иесі Орынбайұлы Қатранға 2012 жылы Моңғолия мемлекетіне «Еңбек сіңірген зоотехник» атағы берілді. Сондай ақ, «Еңбек қызыл ту», «Алтын жұлдыз» ордендері, «Еңбек құрмет медалі» сияқты көптеген мерекелік медальдармен марапатталды. Моңғолия ауыл шаруашылығы саласының озат қызыметкері. «Моңғолиядағы Тайлақ руының тарих, шежіресі» кітабының, тағы басқа көптеген кітаптардың авторы.
Әулетімізден шыққан алғашқы еңбек қайраткері, Тайлақ ұрпақтарының сыйлы атасы, асқар тау, үлкен бәйтерегі құлады. Соңында қалған барлық ұрпақтарына атамыздың жолын берсін, жасын берсін! Аяулы атамыздың мәңгілік мекені жәннәт болсын! Топырағы торқа болсын!
Алыста қалып атамызды көре алмағанымызды-ай…
Sambuu Qizi Jubatgulтің facebook парақшассынан алынды.


