Автор: admin

  9 қараша күні «Берлин қабырғасының» құлағанына 25 жыл толды. Бүгін Германия астанасында осынау атаулы күнге арналған салтанатты шаралар өтеді. Берлинді шығыс және батыс бөлікке бөлген биік дуал құрылысы 1961 жылы басталған. Тамыздың 13-інен бастап Бранденбург қақпасы маңына Германия демократиялық республикасы (ГДР) әскери күзет қоятын болды. Көп ұзамай қаланың коммунистік билік бақылауындағы аудандарын Берлиннің батыс бөлігінен оқшаулаған қабырғаны тұрғызу жұмыстары басталды. Дуалдың жалпы ұзындығы 155 километрге жетті. 1989 жылы коммунистік ГДР-де дағдарыс күшейіп, үкімет шығыс бөліктегі азаматтарға Берлиннің батысына еркін өтуге рұқсат берген соң, тұрғындар дуалды бұзып, алып тастады. «Берлин қабырғасының» құлауы тек ГДР-де ғана емес, сонымен бірге бүкіл Шығыс…

Read More

Ырысбек ДӘБЕЙ: Әлсін-әлі тау басына қараймын, Самал сөздің көбігінен жерініп… Жұмбақтас Бозамық Айдың сәулесі көгілжім су бетінде сынып, Айнакөлдің тұңғиығына телмірген Жұмбақтас… Мұнартқан жағалауда мүлгіген тыныштығымды бұзған жалғыз мен емес, Уақыт дауылы ұйтқып соқса да ақын жанарын құрғатпас. Қатыгездік пен Ұлы мейірімнің мәңгілік су бетіндегі суреті – Үзілген тамырларым мен жабылған түйсіктеріме бастар жалғыз із… Мүмкін, тасжүректерге айналып, тас дәуірлерге аяқ басқанда Біз тұрған жағалаудан біржола кетіп қалдыңыз. Дауысым құмығып айқайлағаныма ғасырлар өтсе де, Арылу қайда?! уақыт пен замана дуасынан… «Тассың!», – деп талмаусыраған үнімді жұтып көк иірім шүңеті, Сұлбамды сіміріп, Тұман бүркейді шұбатылған… Зауал  Қып-қызыл аспанның жиегі сөгіліп…

Read More

 Нұртөре ЖҮСІП Бірде байқаймыз, бірде байқамаймыз: күнде көріп жүрген нәрселер аяқастынан өзгеріп сала береді; неге олай болды деп бас та қатырмаймыз, «е, жөн екен» деп жүре береміз; мәселен, Қазақстан мешітте­ріндегі көк күмбез кейінгі жылдары жо­ғалды; оның орнын сары түс басты. Алтын жалатылған сары түсті күмбездер христиан шіркеулеріне тән секілді көрінетін еді, енді бұрынғы да, кейінгі де мешіттердің бәрінің күмбезі сап-сары… Неге бұлай? Пайғамбарымыз (с.ғ.с) алтынды жарат­паған деседі. Ер адамдардың алтын жүзік тағуы шариғат талаптарына қайшы келсе керек. Сары түс – сарғаюдың, сары уа­йым­ның белгісіндей қабылданатыны тағы бар. Мешіттердің көк күмбезі кім­дерге көз түрткі болды екен?!. Көк – көгеру, көркею, көбею…

Read More