Автор: admin

Нұртай ЛАХАНҰЛЫ Қазақстандық көрермен мемлекеттік телеарнадан бір айдан аса уақыт тамашалаған Қытайдың «Құбылай хан» көпсериялы тарихи-көркем фильмінің көрсетілімі қарашаның 3-і күні аяқталды. Телехикая орта ғасырларда көшпенділердің қуатты империясын құрған Шыңғыс ханның немересі Құбылайдың өмірін суреттейді. Фильмде моңғол қолбасшысы Сухэ батырдың рөлінде ойнаған Шыңжаңда тұратын этникалық қазақ Дәлелхан Қадыр Азаттыққа сұхбат берді. Азаттық: – Дәлелхан мырза, өзіңізді қысқаша таныстыра кетсеңіз. Қай жерде туып-өстіңіз? Кино саласында еңбек еткеніңізге қанша жыл болды? Дәлелхан Қадыр: – 1958 жылы Алтай аймағында Сарысүмбе қаласында дүниеге келдім. 1971 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Шыңжаңдағы «Тянь-Шань» киностудиясына дыбыс актері (суфлер) болып жұмысқа қабылданып, бес жыл еңбек еттім. 1976 жылы Пекиндегі…

Read More

©Алаш айнасы иллюстрациясы Тобықты — Орта жүз Арғын тайпасының руы. Ол Арғынның екінші әйелі Момыннан туатын төртеудің бірі — Ақсопыдан тарайды. Тобықты ұрпақтары 17 ғасырдың ақырында Балқаш, Тоқырауын, Қусақ маңын, 5 болыс ел бұрынғы Семей облысының жерін мекендеген. Тобықтыдан сөзге шешен, ұрыста қайратты батыр, билер көп шыққан. Ұлан-ғайыр алып жатқан жеріне сай халқы да көп әрі дәулетті, жуан сіңір ел болған. Қалың Тобықтының ішінде өсіп, ел арасындағы дау-дамайға еріксіз араласқан Абай өз өлеңдерінде сол кезеңде атқа мініп, әкімшілік жұмыстарына араласқан би-болыстардың, халықты алдап-арбап, арын сатқан арамза қулардың оғаш мінездерін қатты сынайды. Ақын «Патша кұдай, сыйындым…» деген өлеңінде: «Қайран сөзім қор болды,…

Read More

Соңғы бір-екі жыл көлемінде елімізде саяси партиялар сайлауының өтетіні туралы түрлі болжамдар айтылып жүр. Сәйкесінше, биылғы күзде сайлау өтуі мүмкін делінген-ді. Алайда, бұдан өзге сыбыр еткен жаңалық болмады. Десе де, қоғамда бұл мәселеге қатысты: «Сайлау бола қалса, биліктегі «Нұр Отан» партиясынан басқа, парламент төрінен орын алуға қай партиялардың мүмкіндігі жоғары?» деген орынды сұрақ туындауда. Дәл осы мәселеге қатысты Матрица.kz сайты оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп көрді. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, жауап берушілердің партияларға көзқарасы әрқилы. Мәселен, «Ауыл»(2%), «Бірлік»(1%), «Патриоттар» партиясы(2%) шамалас дауыс жинап, қоғамдағы беделінің қай деңгейде екенін аңғартты. Ал, Парламентке өту «бақыты» «Ақжол» (10%), «Қазақстан коммунистік халық партиясы – (30%) ,…

Read More