Жарты жылда Ресейге Қазақстаннан 11,4 мың адам көшіп келді деп хабарлапты Ресейдің көші-қон қызметі. Олардың есебі бойынша, отандастар бағдарламасы бойынша қаңтар-маусым айларында Ресейге ең көп адам Қазақстаннан қоныс аударған. Өткен жылы Ресейге барлығы 36,9 мың адам қоныс аударса, биылғы жылы көшіп келушілердің қатары артып, қазіргі күнге дейін 21,2 мың адам келіпті. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,7 көп деп отыр Ресей федерациясының көші-қон қызметі. Биылғы екінші жартыжылдықта қоныс аударғандар мына елдерден келген: Қазақстан – 30,5%, Өзбекстан – 21,2%, Украина – 13%, Молдавия – 10,9%, Армения – 8,9%, Тәжікстан – 6,5%, Қырғызстан – 4,4%, Әзірбайжан – 1,7% және өзге елдер –…
Автор: admin
©Алаш айнасы иллюстрациясы Кез-келген қысылтаяң шақта «ондықтарды» құраудан басталатын Шыңғысхан кезінен қалыптасқан әскери жүйе негізінде жұптарын жазбай, шоғырлана қоныстанған Жоңғария ойраттарының көшіп-қонған аймақтары төмендегідей болды. Торғауыттар мен дүрбіттер Жоңғарияның солтүстік аудандарында – Ертістің жағасында Моңғол Алтайында, Тарбағатайда көшіп жүрді. Чоростардың иелігінде Іленің жоғарғы-орта ағысы және аталған өзенге құятын үлкенді-кішілі өзендердің сағаларындағы жерлер болды. Ал одан ары шығысқа қарайғы жерлерді хошауыттармен 1701 жылы Еділ бойынан Жоңғарияға қашып келген торғауыттардың бір бөлігі жайлады. Кейінгі қарастырулармен, кеңестік кезең археологтары зерттеулері Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс аумақтарында ХVІІ ғасыр соңы – ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында көшіп жүрген ойраттардың жоғары дамыған материалдық мәдениетінің болғандығын дәлелдеді. Жоңғария ойраттарының…
Еліміз қазіргі кезде Тәуелсіздік пен теңдіктің, мемлекеттілік пен елдіктің, береке мен бірліктің ұлы тойына әзірленуде. Бұл ретте «Қазақ хандығының 550 жылдығын» мерекелеу тұжырымдамасында әртүрлі 100 іс-шара қарастырылып отыр екен. Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездескен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 550 жылдық аясында халықаралық экспедициялар, халықтық той-думандар ұйымдастырылатындығын, жаңа театрлық қойылымдар арналып, тіпті сериал түсірілетіндігін хабарлады. – Бір жайтты атап өткім келеді, барлық іс-шаралар республиканың бүкіл өңірлерін қамтиды, – деді А.Мұхамедиұлы. – Әсіресе, әрбір өңірде тарихи-мәдени мұраны насихаттауға және паш етуге ерекше назар аударылады. Шаралар Қожа Ахмет Йассауи, Отырар, көне Тараз, Ұлытау және басқа да қасиетті жерлерді,…

